Спорт • 16 Шілде, 2021

Токиодағы Олимпиада қалашығы қандай?

552 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ұлттық олимпиада комитеті Токио Олимпиадасында спортшылар мекендейтін қалашыққа шолу жасады, деп жазады Egemen.kz

Токиодағы Олимпиада қалашығы қандай?

Олимпиада қалашығы бір жыл бұрын салынған, бірақ әлі күнге дейін бос тұр. Ойындар аяқталғаннан кейін ауыл Токиодағы кәдімгі тұрғын ауданына айналады. Оның барлық үйінде 3880 бөлме бар. Әр бөлмеде екі-сегіз спортшы тұра алады.

03

«COVID-19 пандемиясына байланысты қатаң талаптар мен ережелерді қоспағанда, жапондық олимпиада қалашығы бұрынғы Олимпиада ойындарындағы сияқты. Мұнда өте жақсы жағдай жасалған. Тамақтану пункті, демалыс орны, фитнес орталығы және емхана бар. Сондай-ақ спорт нысандарында спортшылардың жаттығу кестесі жасалды.

Қазіргі уақытта барлық 95 спортшы мен делегацияның басқа мүшелері тіркелген. Олар Олимпиада қалашығына орналсуға және Олимпиада ойындарына қатысуға құқылы. Біз оларды асыға күтеміз», деді Токиодан ҚР ҰОК Спорт дирекциясының директоры Елсияр Қанағатов.

Жапондықтар экологиялық мәселелерге ерекше назар аударған. Олимпиада қалашығындағы заттардың көпшілігі қайта өңделген материалдардан жасалған немесе оларды қайта өңдеуге болады. Мысалы, кереуеттер картоннан және матрацтар пластиктен жасалған.

04

Спортшылар Toyota компаниясы құрастырған e-Palette автономды көліктерімен тасымалданады. Ол қалашық, жаттығу және жарыс алаңдары арасында әр 20 минут сайын жүруі керек. Бұл спортшылардың қауіпсіздігі үшін жасалған. Басқа ел спортшыларымен минималды байланыс қана болса, Токио тұрғындарымен мүлдем байланыс болмайды.

05

Бастапқыда асхана 4300 адамды қабылдайды деп болжанған, бірақ кейін коронавирус салдарынан 3000-ға дейін азайды. Желдету жүйесі залдағы ауаны әр 15-20 минут сайын толығымен тазартады.

06

Күн сайын мәзірде спорттық тамақтану нормаларына сәйкес келетін жапон тағамдары мен өнімдері болады.

07

08

Спортшылар тренажерлар арасында мөлдір қалқалар орнатылған фитнес орталығын қолдана алады.

09

Олимпиада қалашығының өз клиникасы да бар. Онда спортшылар үнемі ПТР тест  өткізіп отырады.

10

Оң нәтиже көрсеткен спортшыларды карантиндік қонақ үйге ауыстырады. Емдеуді қажет етсе, ауруханаға жатқызады. Әр спортшы күнделікті тест тапсыруы қажет. Демек ұйымдастырушылар күніне 80 000 тесті тексеруі керек болады.

11

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Олимпиада делегациясы Жапонияға 16 шілдеде ұшады.