Коронавирус • 16 Шілде, 2021

Вакцина алмаған қызметкер жұмыстан босатыла ма?

526 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл сұраққа ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Вакцина алмаған қызметкер жұмыстан босатыла ма?

«Бүгінгі күннің деректері бойынша әлемде 189 млн жағдай тіркелді. Айта кету керек, соңғы апта ішінде әлем бойынша коронавирус індетіне шалдыққандар саны 2 есеге артып отыр. Дерттің үдейе түсуі дельта-штамымен де байланысты, бүгінде аталған инфекция түрі 100-ден астам елде тіркелді. Қазақстан 26 маусымнан бастап «қызыл аймақта» тұр. Еліміздің 13 өңірі індет қаупі төніп тұрған аймақтар қатарында. Қазақстанда ковид індетінің таралуы өсіп отыр», деді Айжан Есмағамбетова.

Комитет басшысы бүгінде еліміздің барлық аумағында карантиндік шектеулердің қатаңдатылып жатқанын айтты.

«Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс беруші вакцина алмаған қызметкерді жұмыстан босатуға құқығы бар. Мақсат – жұмыстан қуу емес, керісінше ұжымдағы басқа да азаматтардың денсаулығын сақтап, қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Қызметкер жұмыстан уақытша босатылады, яғни вакцина алған жағдайда ол өз жұмысын қайта жалғастыра алады. Сондай-ақ вакцина алмаған жағдайда қызметкер аптасына бір рет ПТР тест тапсырса да болады», деп түсіндірді комитет төрағасы.