Әр түрлі ақпарат көздеріне сәйкес бортта 13-тен 17-ге дейін адам бар. Оның төртеуі балалар.
«Ұшақ Бакчар аймағында радардан жоғалып кетті. Оның шұғыл шамшырағы сөніп қалды. Бортта 17 адам, оның ішінде төрт бала бар. Үш адам экипаж мүшес», делінген дереккөз таратқан хабарламада.
Сібір құтқару орталығы радардан Ан-28 ұшағы жоғалғанын растады. Ұшақ Сібір жеңіл авиациясына тиесілі. Ол Кедровый - Томск бағытында рейс жасаған.
Іздеу жұмыстарына Федералды әуе көлігі агенттігінің Ми-8 тікұшағы жіберілді.