Әлем • 17 Шілде, 2021

Мұсылмандардың қажылық маусымы басталды

275 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін мұсылмандардың қажылық маусымы басталды. Екінші жыл қатарынан бұл рәсімге басқа ел тұрғындары қатыса алмайды, деп жазады Egemen.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап. 

Мұсылмандардың қажылық маусымы басталды

Биылғы қажылық 17 - 22 шілде аралығында болады. Оған осымен екінші жыл қатарынан басқа елдер тұрғындары қатыса алмайды. Тек Сауд Арабисяның коронавирусқа қарсы екпе алған 18 бен 65 жас аралығындағы тұрғындары қатыса алады.

Биыл қажылар саны 60 мың. Олар коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін қатаң талаптарды сақтауға тиіс.