Спорт • 17 Шілде, 2021

Токио олимпиадасы: 15 адамнан коронавирус анықталды

237 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Олимпиада қалашығында коронавирус жұқтыру туралы бірінші дерек тіркелді. Бұл туралы Токио олимпиадасының ұйымдастыру комитеті хабарлады деп жазады Egemen.kz Киодо агенттігіне сілтеме жасап.

Токио олимпиадасы: 15 адамнан коронавирус анықталды

Токио-2020 компаниясының бас директоры Тоширо Муто ел астанасындағы скринингтік тексеру кезінде шетелден келген делегация мүшесінен коронавирус анықталғанын, бірақ адамның вакцина мәртебесі туралы хабардар еместігін айтты. 

Ұйымдастыру комитеті сонымен 15 адамның вирус жұқтырғаны туралы хабарлады. Оның жетеуі - мердігер, алтауы - делегация мүшесі, екеуі - журналист. Сегізі ойынға шетелден келген және Жапонияда екі аптадан аз уақыт болған, ал жетеуі - Жапония тұрғыны.

Жалпы, 1 шілдеден бастап ұйымдастырушылар COVID-19 инфекциясының 45 жағдайын жариялады.

8 шілдеде Жапонияға келген ХОК президенті Томас Бах Жапония премьер-министрі Ёсихидэ Сугаға Олимпиада қалашығы  тұрғындарының 85 пайызы COVID-19-қа қарсы толық вакцинация алатынын айтты.

Айта кетейік, бүгін Олимпиада қалашығы спортшыларды қабылдай бастады.