Тағайындау • 17 Шілде, 2021

Қызылорда облысы Шиелі ауданының әкімі тағайындалды

1397 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс әкімінің өкімімен, Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігі мен Шиелі аудандық мәслихатының келісімдерімен Шиелі ауданының әкімі лауазымына Мақұлбеков Нариман Әскербекұлы тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz

Қызылорда облысы Шиелі ауданының әкімі тағайындалды

Нариман Мақұлбеков 1968 жылы Қызылорда қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1986 жылы Қызылорда қаласындағы автобазада слесарь ретінде бастаған. 1994-2017 жылдары құқық қорғау органдарында, соның ішінде Қызылорда қалалық прокуратурасының тергеуші стажерінен облыс прокурорының орынбасары, Бас прокуратураның департамент бастығына дейінгі қызмет сатысынан өткен.

2018-2020 жылдары "Jfc colos" ЖШС директорының кеңесшісі болды. 2020 жылдан бастап осы кезге дейін Қызылорда облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.