Аймақтар • 17 Шілде, 2021

Қараусыз қалған бұқа адам өліміне себепші болды

1178 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

СҚО Ақжар ауданында бақташының қарауынсыз қалған симментал тұқымды бұқа адам өліміне себеп болды, деп жазады Egemen.kz

Қараусыз қалған бұқа адам өліміне себепші болды

Бұқа балық аулап отырған 67 жастағы адамды арқасынан келіп сүзген. Қатты соққыдан ұшып кеткенде еріккен бұқа оны домалатып сүзе берген. Ауыр соққыдан есінен танып қалған балықшыны бақташы тауып алған. Ауруханаға жеткізгенімен есін жинай алмай қайтыс болды.

Аталған факті бойынша аудандық полиция бөлімдерінің қызметкерлері оқиғаның қылмысқа қатысы бар-жоғын тексеру үшін сараптама жасады.

Нәтижесінде бақташы мал жаю ережелерін бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 408-бабы 2-бөлігі бойынша жазаланды. Ал жалпы жыл басынан бері аталған бап бойынша 1229 хаттама толтырылған.