Аймақтар • 17 Шілде, 2021

Маңғыстау облысында жылына 100 мың тонна балық өсіріледі

538 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысында 2030 жылға қарай жылына 100 мың тонна балық өсіріледі, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Маңғыстау облысында жылына 100 мың тонна балық өсіріледі

Маңғыстау облысы Ақтау қаласында өңірдің балық шаруашылығын дамыту мәселелері бойынша кездесу өтті.

Кездесуге балық шаруашылығын дамыту жөніндегі уәкілетті органның, Маңғыстау облысы әкімдігінің, «Атамекен» ҰКП-ның, «BD - Балық шаруашылығы қауымдастығы» ЗТБ-ның, балық шаруашылығы субъектілерінің және облыста балық өсіру жөніндегі жобаларды іске асыруға дайын инвесторлардың өкілі қатысты.

Қатысушыларға балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған бағдарламасы таныстырылды. Бғдарламада 2030 жылға қарай өсірілген балық көлемін жылына 270 мың тоннаға дейін, оның ішінде Маңғыстау облысында жылына 100 мың тоннаға дейін ұлғайту көзделген.

Жалпы, өңірде жұмыс істеп тұрған шаруашылықтардың қуатын кеңейту, тұқы, бекіре, албырт балық түрлерін өсіру үшін сумен қамтамасыз етудің тұйық циклі бар 20 тор, 1 тоған, бір шаруашылық құру жоспарланып отыр.

Кездесу барысында балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Н.Т.Жүнісов қатысушыларды балық шаруашылығын мемлекеттік қолдау шаралары, оның ішінде балық өсірумен айналысатын субъектілер үшін жасалған жағдай, субсидиялау және заңнаманы жетілдіру шаралары туралы хабардар етті.

Сонымен қатар, Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М.М.Мырзағалиев тұйықталған сумен қамтамасыз ету қондырғысын пайдаланатын, «Kazakh osseter» ЖШС балық өсіру шаруашылығының жұмысымен, сондай-ақ бекіре және ақсерке  өсіру жобаларымен танысты.