Қазақстан • 17 Шілде, 2021

Қазақстан мен АҚШ халықаралық қауіпсіздік мәселесін талқылады

192 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Елшісі Ержан Ашықбаев АҚШ Мемлекеттік хатшысының көмекшісі орынбасарының міндетін атқарушы Лаура Гросспен бейне-конференция арқылы кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан мен АҚШ халықаралық қауіпсіздік мәселесін талқылады

Сұхбат барысында тараптар халықаралық қауіпсіздік, таратпау режимін нығайту және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Халықаралық биологиялық қауіпсіздік агенттігін құру туралы бастамасын талқылады.

Л. Гросс Қазақстанның әлемдік және аймақтық қауіпсіздікке қосқан үлесін жоғары бағалап, екіжақты ынтымақтастық алға басатынына сенімілігін білдірді.