Спорт • 17 Шілде, 2021

Қазақстан спортшылары Токиоға жетті

349 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Олимпиадалық делегацияның алғашқы бөлігі Жапонияға келді. Нұр-Сұлтан мен Токио арасындағы ұшу ұзақтығы 7 сағат 15 минутты құрады, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан спортшылары Токиоға жетті

Талапқа сай делегацияның 128 мүшесі коронавирусты инфекцияға байланысты ПТР тест таптсырды. Барлық қазақстандықтар тапсырған тест теріс нәтиже берді. 

Команданың әуежайдағы барлық процедурасы 4 сағатқа жуық уақытқа созылды.

«Ұйымдастырушылардың талабы бойынша барлық регламентті сақтадық. Ереже бойынша соңғы төрт сағатта спортшылар коронавирусты инфекцияға қатысты бес тест тапсырды. Қазіргі таңда олар олимпиадалық ауылға жайғасып, тынығуда. Жақын уақытта кестеге сәйкес жаттығуды бастайды», деп хабарлады Олимпиададағы Қазақстан Миссиясының басшысы Елсияр Қанағатов. 

17 шілде күні Токиодағы күн райы ашық, ауа температурасы 32 градусқа дейін көтерілген. Ылғалдылық 52 пайызды көрсетуде. 18 шілдеден бастап спортшылар жаттығуға кірісіп, дәрігерлердің бақылауымен ыстық әрі ылғалды климатқа бейімделетін болады.

1

18 шілде күні олимпиадалық ауылға спорттық гимнастика мен академиялық есуден команда өкілдері жайғасады. 

23 шілде күні Олимпиада ойындарында алғаш болып төрт қазақстандық спортшы бақ сынайды. Садақ атудан іріктеу кезеңінде Санжар Мұсаев, Ильфат Абдуллин, Денис Ганькин сынға түссе, академиялық есуден Владислав Яковлев жарысты бастайды.