Қоғам • 18 Шілде, 2021

Атырауда 40 жастағы әйел ата-аналық құқығынан айырылды

1239 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Атырауда алкогольдік ішімдікке салынған 40 жастағы әйел ата-аналық құқығынан айырылды, деп жазады Egemen.kz

Атырауда 40 жастағы әйел ата-аналық құқығынан айырылды

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жыл басынан 70 ата-анаға ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 127-бабымен (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау) әкімшілік хаттама толтырылған. Бала тәрбиесімен айналыспағаны үшін 2 заңды өкілдің ата-аналық құқығы шектелген. Ал 3 заңды өкіл осындай құқықтан айырылған.

«Атырау қалалық полиция басқармасы ювеналды полиция бөлімшесінің инспекторлары бұл ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеу және оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерін орындамағанын анықтады. Сондай-ақ, қалалық әкімдік жанындағы кәмелетке толмаған балалардың құқығын қорғау жөніндегі комиссияға жасөспірімдердің тәрбиесімен айналыспаған ата-аналарға және қаңғыбастыққа бейім жасөспірімдерге қатысты 40-қа жуық іс-құжат жолданды», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, Атырау қалалық әкімдігі жанындағы аталған комиссияның кезекті отырысында бала тәрбиесімен айналыспаған 7 заңды өкілдің іс-құжаты қаралды. Оның ішінде спирттік ішімдікке әуес 40 жастағы азаматша бар.

«Бұл әйелдің төрт баласы бар. Тұңғышы – 18, кенжесі 9 жасқа толған. Аталған азаматша ішкі істер органдарының жайсыз отбасы есебінде тұрады. Осы кезге дейін бір мекемеде тұрақты жұмыс істемеген. Полиция қызметкерлері оған қатысты іс-құжаттарды кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі комиссиясыға бірнеше рет жолдаған. Алайда, 40 жастағы азаматша алкогольдік ішімдікті ішуін тоқтатпаған. Балаларының тәрбиесімен айналыспай, түзелу жолына түспеген. Ал анасының осындай жолда жүргенінің кесірінен жасөспірім балалары бірнеше рет қылмыс жасаған», деп мәлім етті баспасөз қызметінен.

Комиссия мүшелері аталған әйелді ата-аналық құқығынан айыруға шешім қабылдады.

Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20