Спорт • 18 Шілде, 2021

Токиода бетпердені мүлде шешуге болмайды - Бокстан бас бапкер

417 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бокстан команда бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев олимпиада қалашығындағы ережелер мен шектеулер туралы айтты, деп жазады Egemen.kz

Токиода бетпердені мүлде шешуге болмайды - Бокстан бас бапкер

Бапкердің айтуынша, Токиода коронавирусты инфекцияға байланысты көптеген шектеулер енгізілген. Арнайы ережелерді бұзбау керек. 

«Әуежайда бірнеше рет ПТР тест тапсырдық. Кейін аккредитация қағазын аларда тағы да тесттен өттік. Яғни, вирустың болмауын қатал қадағалауда. 

Боксшылар олимпиада қалашығына орналасты. Мұнда бар жағдай жасалған. Тамақтары да жақсы, барша әлем халықтарына арналған тағамдар бар. Басшылармен жиналыс өткізіп, алдағы жоспарларды талқыладық. Олимпиададағы арнайы ережені де түсіндірді. Жолдан аздап шаршаған едік, бүгін ес жиып, кешкі жаттығуға дайындалып жатырмыз. 

Біздің бірінші жаттығуымыз далада өтеді. Климатқа бейімделуді бастаймыз. Ал ертеңнен бастап залда жаттығу кестесін берді. Залда жаттығудың да өзіндік ережесі бар. Үлкен жаттығу залы бар екен. Оны да көріп шықтық. 

Олимпиадалық ауылдағы ұйымдастыру жұмыстары жоғары деңдейде. Бетпердені мүлде шешуге болмайды, арақашықтықты да сақтап жүрміз. Барынша мұқият болып, жарысқа дайындаламыз»,  дейді Ғалымбек Кенжебаев. 

Айта кетейік, бокстан Қазақстан намысын сегіз спортшы қорғайды. Боксшылар бәсекесі 8 тамызда аяқталады. 

Фото: Жеңіс Ысқабай