09 Қаңтар, 2014

Мұхтар Әбіләзов Ресейге экстрадациялануы мүмкін

263 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

10 01 - Ablyazov

Франция соты Мұхтар Әбіләзовті экстрадациялау жөнінде шешім қабылдады. Бұл туралы Ras.kz хабарлады.

Атап өтілгендей, Ресей мен Украинадан Мұхтар Әбіләзовті  экстрадациялау жөнінде сұраныс соттың қаулысымен қанағаттандырылды. Сот мұнда басымдылықты Ресейге беріп отыр.

Экс-банкирді экстрадациялауға Қазақстан да біраз әрекет жасап баққан еді. Алайда, Франция мен Қазақстан арасында экстрадиция жөнінде келісімнің болмауына байланысты бұл сұраныс қанағаттандырылмаған көрінеді.  

Қазір Мұхтар Әбіләзовтің адвокаттары өз қорғауларындағы тұлғаның экстрадациялануы жөніндегі шешімді жоғарыда тұрған инстанция арқылы қайтартып алуға ниетті екендіктерін білдірді.

Айдар Өрісбаев.

Дереккөз: Ras.kz

Фото: Kapital.kz