Саясат • 19 Шілде, 2021

Сыртқы істер министрлерінің бейресми кездесуі

235 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ташкент қаласында «Орталық және Оңтүстік Азия: аймақтық өз­ара бай­ланыс. Сын-қатерлер мен мүмкіндіктер» тақырыбындағы Ха­­лық­­аралық конференция қарсаңында Орталық Азия елдерінің сырт­­қы саясат ведомстволары басшыларының бейресми кездесуі өтті.

Сыртқы істер министрлерінің бейресми кездесуі

Іс-шараға Қазақстан Респуб­ликасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубер­ді, Тәжікстан Республикасы­ның Сыртқы істер министрі Си­род­жиддин Мухриддин, Түрік­менстан Министрлер Ка­бинеті Төрағасының орынбасары – Сыртқы істер министрі Рашид Мередов, Өзбекстан Рес­пуб­ликасының Сыртқы істер ми­нистрі Абдулазиз Камилов және Қырғыз Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Нуран Ниязалиев қатысты.
Тараптар биылғы 6 тамызда Түрікменстанда өтетін Ор­­та­­лық Азия мем­лекеттері бас­шы­ларының Консультативтік кез­­десуі­не дайындық мәселе­лерін тал­қылады. Іс-шараның күн тәр­­тібі, Саммиттің қо­ры­­тынды құ­жат­тары бойынша пікір алмасылды.

«Егемен-ақпарат»