Коронавирус • 19 Шілде, 2021

Алматы әуежайында жалған ПТР-тест сатқандар ұсталды

254 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы Әуежайының екі қызметкері ПТР сынағының теріс нәтижесін қолдан жасағаны үшін ұсталды, деп жазады Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы әуежайында жалған ПТР-тест сатқандар ұсталды

Алматы қаласы ПД Криминалдық полиция Басқармасының қызметкерлері Алматы қаласы бойынша ҰҚКД бірге қаладағы халықаралық әуежай аумағында жедел-іздестіру жұмысын жүргізді. Нәтижесінде 1992 жылы туған Ж.есімді және 1993 жылғы И.есімді азамат ұсталды. Белгілі болғандай, қамауға алынғандар шетелге шыққандар үшін теріс ПТР-сынағын жасап, барлығы15-20 анықтама сатқан. Клиенттің жеке деректері мен анықтаманың берілген күнін түзеткен, кейіннен жолаушыларды ұшаққа отырғызуға жіберген. Алынған қаражатты әуе компанияларының өкілдері арасында бөліске салған.

«Қазіргі уақытта жедел-тергеу іс-шараларының кешені жүргізілуде, қамауға алынғандардың осыған ұқсас теріс ПТР сынақтарын жасаған фактілерге қатыстылығы анықталуда. Тиісті сараптамалар тағайындалды. «Сатушылар», ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128 бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды», деді ведомствада.