Спорт • 19 Шілде, 2021

Ақжүрек Таңатаров балуандарға сәттілік тіледі

601 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еркін күрестен Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері Ақжүрек Таңатаров Токио Олимпиадасында сынға түсетін қазақстандық атлеттерге сәттілік тіледі. Олимпиада жүлдегері еркін күрес балуандарының жүлдемен келетініне үмітті екенін айтты, жазады Egemen.kz Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Ақжүрек Таңатаров балуандарға сәттілік тіледі

«Олимпиадаға баратын әрбір атлеттің талай жыл бойғы еңбегі ақталса деген тілегім бар. Ал біздің балуандарға тек сәттілік серік болсын! Олимпиада – спорттағы ең басты дода, ең биік шың. Сол додада барлық қабілетіңді іске қосып, соңғы рет күресіп жатқандай бар күшіңді салыңдар дегім келеді.

Әр белдесуге шығарда Бауыржан Момышұлы сынды батырлардың сөзін еске алып, патриоттық сезімдеріңді арттыра түсіңдер! Мен біздің жігіттерге сенемін, Токио төрінде ел намысын абыроймен қорғаңдар», деді А.Таңатаров.