Әлем • 19 Шілде, 2021

Үндістанда су тасқынынан 20 адам қаза тапты

264 рет
көрсетілді

Үндістанның Мумбай қаласында толассыз жауған жаңбырдан су тасқыны болып, сел жүрген. Салдарынан 20 адам қаза тапты. Бірқатар елді мекендерге зақым келді, деп хабарлайды Egemen.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Үндістанда су тасқынынан 20 адам қаза тапты

Hindustan Times газетінің хабарлауынша, кеше түнде Махул мен Вихроли аймағында жаңбыр жауып, көптеген үйлер және кеңселер зардап шеккен. 

Көшкін салдарынан Махулада 17 адам, Вихролиде  3 адам қайтыс болды. 

Апатқа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық күш Хембур аймағында төрт үйдің құлағанын, қирандылар астында 8 тұрғын қалып қойғанын хабарлады. 

Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда. 

Үндістан Премьер-министрі Нарендра Моди өзінің твиттерінде қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты.