Спорт • 19 Шілде, 2021

Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионын жекпе-жекке шақырды

403 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық орта салмақтағы боксшы Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізуге дайын екендігі туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионын жекпе-жекке шақырды

Қазіргі уақытта орта салмақтағы чемпиондар қатарында америкалық Джермалл Чарло (WBC) және Деметриус Андраде (WBO), қазақстандық Геннадий Головкин (IBF, IBO) және Жапония өкілі Риота Мурата (WBA Super) бар.

«Мен чемпиондық жекпе-жекті қалаймын. Мен WBO рейтингінде екінші нөмірмін. Мунгия - рейтингтің бірінші нөмірі. Олар менімен дуэльге келіспейтінін білемін. Себебі мен оларды нокаутқа жіберетінімді білемін. Андраде? Ол қайда? Маған WBO әлем чемпионы атағы керек», деп жазды Жәнібек Twitter-дегі парақшасында.