Экономика • 19 Шілде, 2021

Инфляциядан ең көп зардап шеккен өңірлер анықталды

184 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның Ұлттық Банкі аймақтардағы инфляция жағдайына талдау жасады, деп жазады Egemen.kz.

Инфляциядан ең көп зардап шеккен өңірлер анықталды

Ұлттық банктің мәлімдеуінше, инфляция 2021 жылы маусымда 1,1% -ды құрады, Мамырда - 0,7% болатын.

Азық-түлік тауарларының бағасы бір айда 1,7%, азық-түлік емес тауарлардыкі - 0,8%, ақылы қызметтердікі 0,7%-ға өсті.

Ай сайынғы инфляцияның жеделдеуі 14 аймақта байқалды, бәсеңдеу - екі аймақта, бір аймақта ғана бағаның өсу қарқыны өзгеріссіз қалды.

Осылайша, Маңғыстау облысында бағаның өсу қарқыны өзгеріссіз қалды (1,0%), ал Жамбыл және Түркістан облысында, сәйкесінше,  0,8% және 0,9% дейін төмендеді.

Маусым айында инфляцияның едәуір жеделдеуі Шығыс Қазақстан (1,5% дейін), Атырау (1,5%) және Солтүстік Қазақстан (1,4%) облыстарында байқалды. Жылдық инфляция 9 облыста ұлттық деңгейден жоғары болып шықты. Олардың ішінде ең жоғары көрсеткіш Маңғыстау, Атырау және Ақтөбе облыстарында тіркелді.

Шығыс Қазақстан облысында сәбіздің (144,3%-ға) және картоптың (111,5%-ға) бағасы өте қатты өскені анықталды. Себебі басқа өңірлерде сәбіз бағасы - 86,3%, картоптыкі 40,7% ғана өскен. Ал Ақмола, Павлодар, Атырау, Қызылорда және Ақтөбе облыстарында сәбіз екі еседен астам қымбаттады.

Картоп бағасының республикалық деңгейден жоғары өсуі Павлодар, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарында байқалды. Жалпы қызылша 47,0% қымбаттады, ал максималды өсім Батыс Қазақстан облысында тіркелді (113,4%).

Жыл сайынғы бағаның өсуіне Алматы қаласы мен Алматы облысы үлес қосуда. Бұл аймақтарда бағаның өсуі сәйкесінше 7,4% және 7,7% құрады.