Әлем • 19 Шілде, 2021

Нигерияда жол-көлік оқиғасынан 14 адам қаза тапты

277 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нигерияның оңтүстік-батысындағы жол апатынан 14 адам қаза тапты, тағы төртеуі жарақат алды, деп жазады Egemen.kz  Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Нигерияда жол-көлік оқиғасынан 14 адам қаза тапты

Нигерия федералды жол қауіпсіздігі корпусының мәліметі бойынша, тас жолда жүк көлігі автобуспен соқтығысқан.

Көлік апаты Нигерияның оңтүстік-батысындағы Осун штатында болған.

Жол басқармасы жүргізген тергеу нәтижелері бойынша қайғылы оқиға көлік құралдары жүргізушілерінің жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерін бұзуынан болған.

Бұдан бөлек, Нигерияның батысындағы Квара штатында автобустың трактормен соқтығысуы салдарынан 11 адам қайтыс болған.