Әлем • 19 Шілде, 2021

Жапонияның көрікті жерлеріне виртуалды экскурсия ұйымдастырылады

443 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

30 шілде мен 29 тамыз аралығында Жапонияның тарихи және көрікті жерлеріне тегін онлайн тур ұйымдастырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жапонияның көрікті жерлеріне виртуалды экскурсия ұйымдастырылады

Көптеген жапондықтар мен шетелдіктер Токио олимпиадасын асыға күтті, бірақ карантин талаптарына байланысты жарысқа кіруге тыйым салынды. Сәйкесінше, City Cast жүйесіне қажетті еріктілер саны да азайды. Осыған байланысты Nippon Foundation еріктілерді қолдау орталығы ақысыз онлайн тур өткізуді жоспарлап отыр. 

«89 еріктіден құралған 20 команда City Cast-і басқаратын жергілікті әкімшіліктермен бірлесіп, барлық талапқа сай келетін онлайн-контент жасап жатыр. Онда еріктілер Airbnb платформасын қолдана отырып, жарыс алаңдары туралы  ағылшынша, жапонша ақпарат таратады. Жоба көрермендерің саяхат аурасын аз да болса сезінуі үшін жасалуда», деп жазылған мақалада.

Атап айтқанда, турлар келесі тақырыптарда ұйымдастырылады:

«Токиодағы танымал жағалауға нұсқаулық: Асакуса, Сумида өзені, Одайба» (ағылшын тілінде);

Самурайларды іздестіру: Хокусодағы ұлттық мұра саналатын Нарита мен Сакураға қысқа саяхат (ағылшын тілінде);

«Қайта құруға көмек алғысы: Миаги префектурасының Хигацимацусима қаласындағы көрікті жерлер мен дәмді тағамдар» (ағылшын тілінде);

«Токио географиясы, тарихымен танысу, паралимпиадалық марафон өтетін жерлер» (жапон тілінде).