
«Криминалдық полиция ел Президентінің тапсырмасы бойынша ерекше бақылауға алынған қылмыспен күрестің тағы бір бағыты туралы хабарлады. Бұл ұрлықпен күрес. Ішкі істер министрлігі қабылдаған шаралардың нәтижесінде елде ұрлық 22,6%-ға, нақты айтқанда 36 842-ден 28 534-ке азайды. Оның ішінде пәтер тонау 25,7%-ға, яғни 8293-тен 6160-қа дейін төмендегені байқалды. Бұл жарты жылдық мәліметтер. Жыл басынан бері пәтерлерден ұрлық жасағаны үшін 2186 адам, оның ішінде 110 қылмыстық топ ұсталды», деді Ш.Тұрлыбек.