Аймақтар • 19 Шілде, 2021

Шымкент тұрғыны «Мен кәсіпкер боламын» бағдарламасы арқылы емхана ашты

439 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент тұрғыны Гүлзина Қожабекова «Мен кәсіпкер боламын» бағдарламасы арқылы өзінің жеке емханасын ашты, деп хабарлайды Egemen.kz Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шымкент тұрғыны «Мен кәсіпкер боламын» бағдарламасы арқылы емхана ашты

Ол әйелдерге арналған жеңілдетілген несие бар екенін естіп, «Shymkent» ӘКК» АҚ-ның кәсіпкерлерге арналған фрон-офисіне барады.

«Пандемия кезінде біраз адам кәсібін жүргізе алмай қиналып қалды. Ал, біз керісінше қиын уақытта жұмысымызға кірісіп, қаншама жанға жаңа өмір сыйладық. Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау мақсатында 1 пайыздық жеңілдетілген несие барын естіп, фронт-офиске кеңес алуға бардым. Ондағылар 21-58 жастағы кәсіпкерлерге арналған бағдарлама екенін түсіндіріп, қандай құжаттар керектігін айтты. Бұл бағдарлама біз сияқты кәсібін енді бастағандарға үлкен көмек. Өзім қанша жыл қалалық ауруханада гинеколог болып қызмет атқардым. Жеке емхана ашу үлкен арманым болатын. Аталмыш бағдарламаның арқасында емханаға қажетті құрал-жабдықтарды алып, қазіргі таңда 7 адамды жұмыспен қамтып отырмын. Жұмыс істеймін дегенге қазіргі таңда мемлекет тарапынан көптеген көмек көрсетілуде. Тек қана алғыс білдіремін»,  дейді «Кожабекова ЖШС» жетекшісі Гүлзина Сайдуллақызы. 

л

Емхана Нұрсат шағын ауданында орналасқан. Гинекологиялық орталықта жатыр мойыны патологиясын емдейді. Жаңа инновациялық технологиялар арқылы ауруды дер кезінде анықтауға мүмкіндік бар. 

Мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, жеңілдіктер қарастырылғандықтан олар өз тарапынан мемлекеттік әлеуметтік медициналық сақтандыру бағдарламасы бойынша халыққа тегін қызмет көрсетуде. 

Бағдарлама бойынша қосымша ақпаратты @shymkent_invest парақшасынан немесе Ерімбетов көшесі 304 г, «Заңғар» бизнес орталығы, Бизнеске арналған үкімет фронт-офисінен алуға болады.