Министрлік мәліметінше, республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жоғалып кеткен ер адамды М. Мәметова шыңының мұздығынан тапқан.
«Бүгін мұздықты тексеру кезінде РЖҚЖ қызметкерлерінің жаяу тобы ер адамды тапты. Ол қатты тоңып қалған, құтқарушылар оған жылы киім берді. Медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ. Бүгінде РЖҚЖ жедел тобы таудан туристпен бірге түсіп келе жатыр», делінген хабарламада.
Еске салайық, 18 шілдеде турист Іле Алатауы тауларында жоғалып кеткен болатын. Іздестіруді РЖҚЖ құтқарушылары альпинизм федерациясының альпинистерімен бірлесіп жүргізді. Жоғалған адамды іздестіруге «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы жұмылдырылған.