Өртеуге тыйым салынған қалдықтардың тізімі мынандай:
- Жарылғыш, коррозиялы, тотықтырылатын, жоғары өрт қауіпті немесе от қауіпті болып табылатын қауіпті қалдықтар;
- Медициналық қалдықтар;
- Тұрақты органикалық ластауыштары бар қалдықтар;
- Пестицидтер;
- Құрамында сынабы бар қалдықтар;
- Электрондық және электр жабдықтарының қалдықтары;
- Уытты қалдықтар;
- Биологиялық қалдықтар;
- Құрылыс қалдықтары.
Құжат ашық талқылау үшін 30 шілдеге дейін «Ашық НҚА» сайтына орналастырылды.
Айта кетсек, Қазақстан еуропалық стандарттарға сай қалдық өртеу орындарын салуды жоспарлап отыр. Олар төрт жыл ішінде Нұр-Сұлтанда, Алматыда, Шығыс Қазақстан облысында және Ақтөбеде бой көтеретін болады.