10 Қаңтар, 2014

Іске көшейік, жұмылып жұдырықтай

345 рет
көрсетілді
13 мин
оқу үшін

Қазақстан жиырма екі жылда XXI ғасырдың ең қарқынды дамушы елдерінің қатарына қосылды.

Қазақстанды осы жиырма екі жылда әлем таныды!

«Біз «Алдымен – экономика, cодан соң – саясат» деген айқын формуламен ілгерілеп келеміз. Саяси реформалардың әрбір кезеңі экономика дамуының деңгейімен ұштасады. Сондықтан да біз саяси ырықтандыру жолын дәйекті ұстанудамыз. Осылайша ғана елді жаңғыртып, оны бәсекеге қабілетті етуге болады», деп Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты – «Қазақстан-2050» Стратегиясын ұсынды. Республиканың таяу жарты ғасырларға саяси және экономикалық дамуының нұсқасы мен стратегиялық мақсаттары анықталған осы құжатта Мемлекет басшысы ұлттың 2050 жылға дейінгі жаңа саяси бағытын негіздеді. Ұлт мүддесін ұғындырған, жасампаздыққа жұмылдырған тарихи Жолдау Қазақстан халқына үлкен серпін берді.

Қазақстан жиырма екі жылда XXI ғасырдың ең қарқынды дамушы елдерінің қатарына қосылды.

Қазақстанды осы жиырма екі жылда әлем таныды!

«Біз «Алдымен – экономика, cодан соң – саясат» деген айқын формуламен ілгерілеп келеміз. Саяси реформалардың әрбір кезеңі экономика дамуының деңгейімен ұштасады. Сондықтан да біз саяси ырықтандыру жолын дәйекті ұстанудамыз. Осылайша ғана елді жаңғыртып, оны бәсекеге қабілетті етуге болады», деп Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты – «Қазақстан-2050» Стратегиясын ұсынды. Республиканың таяу жарты ғасырларға саяси және экономикалық дамуының нұсқасы мен стратегиялық мақсаттары анықталған осы құжатта Мемлекет басшысы ұлттың 2050 жылға дейінгі жаңа саяси бағытын негіздеді. Ұлт мүддесін ұғындырған, жасампаздыққа жұмылдырған тарихи Жолдау Қазақстан халқына үлкен серпін берді.

Президенттің Қазақстан хал­қына арнаған әр жылғы жолдауларының жүзеге асырылуы нәтижесінде еліміз әлемдік өркениеттегі өзінің лайықты орнын айқындады. Осыдан он жеті жыл  бұрын қабылданған «Қазақстан-2030» Стратегиялық бағдарламасы Қазақстанды егемен мемлекет ретінде дамыту мен өркендетудің негізгі локомотиві болды. Әрбір Жолдауында өт­кенді саралап, болашаққа бағдар жасай отырып, Үкімет алдына жаңа міндеттер жүктейтін Елбасы әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына ену міндетін қой­са, 2012 жылғы  Дүниежүзілік экономикалық форумның рей­тингі бойынша Қазақстан 51-орынды иеленіп, қарқынды дамып келе жатқан елдердің бестігіне енді.

Алғашқы ұлттық стратегия­ның «бірқатар бағыттары мер­зімінен бұрын орындалды: экономика, еліміздің саяси жүйесі, ұлттық білім беру жүйесі, ден­саулық сақтау және әлеумет­тік қамсыздандыру саласы же­тіс­тіктерге жетіп, жаң­ғыр­тыл­ды. Осы бағдарлама негізінде халқымызды өркениет шыңына жеткізер, ел тәуелсіздігін баянды етер бірнеше жаңашыл реформалар жүзеге асты. Еліміздің қазіргі кезде 120-дан астам елмен саяси, әріптестік қарым-қатынас орнатуы, экономикамыздың тұрақты даму жолына түсуі жүргізілген реформалардың жарқын жемісі, бедерлі белесі.

Ал «Қазақстан-2050» Стра­тегиясы еліміздің қуатты мемлекетке айналып келе жатқанын айқындайтын құжат. Енді ел болып, жұрт болып сонда көр­се­тілген бағыттарды жүзеге асыруды қолға алудамыз. Президент Жолдауының ең маңыздылығы – дағдарыстан кейінгі жұмыс бағытын нақты айқындап қана қоймай, сонымен қатар, Қа­­зақстанның өз ұстанымын әлемдік қауымдастықтың алдында сақтауға мүмкіндік ту­ғызатын мықты біріктіруші, рухтандырушы күшке ие болуында. Сондықтан біз Жолдауда жүк­телген тапсырмаларды табысты орындау үшін бар тәжірибемізді, білімімізді жұмсауымыз керек.

Президент Жолдауында ха­лыққа дамудың жеті басым бағытын анықтап берді. Олар әлеуметтік-экономикалық жаң­ғыртудың басты міндетін шешуге – экономика өсімі мен қоғамдық игіліктердің ұлғаюы арасындағы оңтайлы тепе-теңдікке қол жеткізуге бағытталған.

Мемлекет басшысы жария­­ла­ған жеті бағыттың не­гізгі бағытының бірі кәсіп­керлікке арналып «Ұлттық эко­но­ми­ка­мыздың  жетекші күші – кә­сіпкерлікті жан-жақты қолдау» деген та­қы­рыппен екінші бөлімде назар аудартады. «Отандық кәсіпкерлік жаңа экономикалық бағыттың қозғаушы күші болып табылады. Іскерлік мәдениетінің деңгейін көтеру мен кәсіпкерлік бастаманы ынталандырудың маңызы үлкен», деп бағалаған Елбасы мемлекет барлық проб­лемаларын шешіп беруін күтпей, әркім өзін бизнесте сынап кө­руге, елде жасалып жатқан экономикалық өзгерістерге то­лыққанды қатысушыға айналуына жағдай туғызу қажеттігін айтады. Шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 2030 жылға қарай, ең аз дегенде, екі есе өсуге тиіс екендігін ескертіп, оған қажетті шараларды да көрсетіп отыр.

«Өкінішке қарай, қазіргі уа­қытта шағын және орта бизнес­ке салық салу жүйесіндегі қи­ғаштықтар олардың дамуы мен өсуіне кедергі келтіруде. Сон­дықтан Үкімет 2013 жылдың соңына дейін заңнамаға микро, шағын, орта және ірі бизнес ұғымдарын айқын жіктеуге бағытталған өзгерістер енгізсін. Бұл тұста біз шағын және орта іскерлік сегменттеріне түсетін күшті ауырлатпауға тиіспіз», дегенінен Мемлекет басшысының ішкі жағдайды өте жақсы біліп, көмектесу жолын қарастырғанын түсінеміз.

Қазір мемлекетіміз кәсіпкер­лікті дамытуға, адамдардың өзін-өзі жұмыспен қамтуына кеңінен жол ашып берді. Осы тұрғыда кәсіпкерліктің алдында түрлі кедергілер кездесетіні жасырын емес. Мәселен, салықтағы қолайсыздықтар кәсіпкерлерге үлкен қолбайлау болуда. «Ақ жол» партиясы осы мәселені жиі көтеріп келеді. Сонымен бірге, банктердегі қанаушылық мәселесін жою жөнінде бастамалар жасалынды. Қолжетімді тұрғын үй жайында да әңгіме көтеріліп жүр.

Елімізде кәсіпкерлікті өркен­дету үшін қажетті жағдайларды әлі де өрістету керек екені ақиқат. Олардың қатарында мемлекет – жеке меншік әріптестігі қа­ғидатына негізделген сенімді сұх­бат құру үшін бизнесті топтастыруды жалғастыру қажет болады. Осы жаңа стратегияны жүзеге асыруда ауқымды істер атқарылып жатқанын көріп отырмыз. Енді оған барлық кәсіпкерлерді тарту міндеті іске асы­рылатын болады деп ойлаймыз.

Халықаралық тәжірибеден байқағанымыздай, біздің елімізде де кәсіпкерлердің палаталарға топтасуы экономиканың тиімділі­гінің маңызды факторының бірі, соны қолға алғанда  «мықты бизнес – мықты мемлекет» қағи­дасы жүзеге асқанын көрдік. Осы мақсат үшін Үкімет «Атаме­кен» одағымен бірлесе отырып, Кәсіпкерлердің ұлттық палатасына міндетті мүшеліктің тұ­жырымдамалық моделін әзірлеген болатын. Бұл үлгі кәсіп­тік-техникалық білім, әсі­ресе, ауылдық жерлер мен моноқалалардағы шағын биз­несті кешенді түрде сервистік қолдауды, сыртқы экономикалық қызмет салаларында мемлекеттік органдардың өкілеттіктері мен міндеттерін енді құрылатын Кәсіпкерлердің ұлттық палатасына беруді қамтамасыз етеді. Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы Үкіметтің сенімді және білікті серіктесіне айналады. Осыған байланысты Мемлекет басшысы Үкіметке тиісті заң жобасын әзірлеп Парламентке енгізуді тапсырды.

Қазіргі Қазақстан индустрия­лық өркендеудің даңғыл жолында тұр. Бұл өндіріс пен өнеркәсіпті жедел дамыту туралы ойларымызды нақтылай түседі. Күн санап қарқын алып жатқан  технологиялық жаңалықтар әлем­дік нарықтың құрылымы мен қажеттіліктерін түбегейлі өзгертетіні даусыз. Біз өткен жылдармен салыстырғанда мүлде өзгеше технологиялық болмыста өмір сүруге дағдылана бастадық. Біздің алдымызда цифрлық және нанотехнология, регенеративтік медицина және басқа да көптеген ғылыми жетістіктер игерілген жарқын болашақ тұр, ол қоршаған ортаны ғана емес, адамзат қоғамын да өзгертуге өлшеусіз үлес қосуда. Дегенмен, біз осынау жаңа сипаттағы үдерістерге тосырқап қарамай, оның белсенді қатысушылары болуға тиіс екеніміз анық.

Бүгінде Елбасы экономиканы әртараптандыру және оны шикізаттық емес, жоғары тех­нологиялық жолға қайта бағ­дар­лау жөнінде жаңа міндет­терді алға қойып, үдемелі ин­дус­­триялық-инновациялық да­му жөніндегі мемлекеттік бағ­дарлама қарқын алып келеді. Азық-түлік пен энергетика бойынша Қазақстан әлемдік қауіп­сіздікті қамтамасыз ете­тін же­текші елдер тобына кі­ріп отыр. Ал елімізде бір-екі­ жылдан бері да­му­дың ке­­пі­ліне айналған үдемелі ин­дус­­триялық-инновациялық бағ­­дарлама бойынша жүзеге асы­­рылып жатқан жобалардың ба­сым бөлігі ірі өндірістерден не­месе ауыл шаруашылығынан орын алды. Елбасы стра­те­гиялық бағдарламада ауыл шаруашылығын қайта өңдеу және саудада фермерлік пен шағын және орта бизнесті дамытуға ерекше тоқталды. Әсіресе, ауыл шаруашылығы өніміне өсіп отырған жаһандық сұраныс жағдайында саланы жаңғырту қажеттігі туындауда. Әлемдік азық-түлік нарығының көшбасшысы болу және ауыл шаруашылығы өндірісін арт­тыруға қажетті бағдарды да қадап айтты.

Өкінішке қарай, Ауыл шаруашылығы министрлігі жаңа нарықтық жағдайға әлі өте алмай отыр. Бұл саладағы шағын және орта кәсіпкерліктің қозғалмай отыруының себебі де осында. Содан аграрлық сала артта қалып, өнімдер шеттен келіп жатыр. Аймақтарға іссапар барысымен ауыл жақта болдым, басқару жүйесіндегі социалистік түсініктер, ұғымдар сіресіп тұр. Одан арылу үшін жаңа кадр­лар, жаңаша, инновациялық-технологиялық ойлау жүйесі керек. Инновация – тек жаңалық емес, жаңалықты жылдам енгізіп, технологиялық үрдіске айналдыру, содан нәтиже көру.

Жолдауда мемлекетіміздің алдында тұрған үлкен міндеттердің бірі ауылшаруашылық өнімдері­нің экспорттық әлеуетін арттыру, бәсекеге қабілетті брендтер құру керектігін Президент атап өтті. Осы мәселелер шеңберінде «АӨК-2020» бағдарламасы бойынша мемлекет ауыл шаруашы­лығының 2020 жылға дейін дамуына 3 триллион теңге қара­жат бөліп отыр. Бүгінде, мем­лекет қамқорлығының арқа­сында, еліміздің мал өсіретін ірі шаруашылықтары мал басын көбейтіп, жемшөп базасын ұлғайту мүмкіндігіне қол жеткізуде. 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламаны сәтті жүзеге асыру үшін, ең алдымен, әкімшілік кедергілерді жойып, заңнамаларды жетілдіру қажет. Жолдауды насихаттау бойынша аймақтарда болғанымызда байқағаным, кейбір ірі шаруа­шылықтар, бүгіннің өзінде қызу бәсекелестікке сақадай-сай дайын. Алматы облысының Балқаш ауданында осындай бірнеше шаруашылықтың тыныс-тірші­лігімен танысып, жергілікті тұр­ғындармен жүздестік. Асыл тұқымды ірі қаралардан бөлек, мұнда қажетті техника, мал­дәрігерлік қызмет, жемшөп дайындайтын шаруашылық пен заманауи ет комбинаты бар. Мұнда жасалатын өнімді, қазір-ақ экспортқа ұялмай шығаруға болады.

Аймақтарды аралап жүріп сайлаушылармен жүздесулерде халық аманатын арқалағандар атынан Елбасының бұл Жолдауы бүгінімізді саралай отырып, келешегімізге жасалған үлкен жоба екенін мәлімдедік. Шын мәнінде бұл жолғы Жолдау жариялану мезгілі жағынан да, мазмұны жағынан да дәстүрлі жыл сайынғы Жолдаулардан айрықша, қоғамға мүлдем жаңа серпін берді. Жолдаудың басты мақсаты – Қазақстан халқының санасын,  дүниетанымын өзгерту арқылы өмірін жақсарту, өмір сапасын күшейту, адамдардың өз өміріне деген жаңаша көзқарас ояту.

Ендігі жерде осы Стратегия­ның әр тармағы бойынша өзіне тиесілі жұмысты атқару бәрімізге мүлтіксіз міндеттеліп отыр. Басты мәселе Жолдаудың мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру тек мемлекеттің міндеті деп қол қусырып отырмай, ел болып бірлесе іске көшуге тиіспіз. Бабаларымыз айтқан бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаратын шақ осы деп білемін.

Азамат ӘБІЛДАЕВ,

Парламент Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» партиясы парламенттік фракциясының мүшесі.