Білім • 19 Шілде, 2021

Жаңа идеясы бар жастарға 30 грант бөлінді

479 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов Орталық коммуникациялар қызметі алыңында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында түрлі жобалар мен жаңа идеяларды іске асыру үшін дарынды жастарға «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты 30 грант берілетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаңа идеясы бар жастарға 30 грант бөлінді

«Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты – ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу шеңберінде «Ғылым», «Мәдениет», «Бизнес», «Ақпараттық технологиялар», «Медиа» бағыттары бойынша өз жобалары мен жаңа идеяларын іске асыру үшін дарынды жастар өкілдеріне 30 грант беру жоспарланып отыр», деп түсіндірді комитет төрағасы.

Шахмардан Баймановтың айтуынша, «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттары дарынды әрі қабілетті жастарды мемлекеттік қолдау мақсатында жыл сайын беріледі. 

Үміткерлердің конкурстық өтінімдерін қабылдау бүгіннен басталып, 2021 жылдың 20 қыркүйегіне дейін жалғасатынт болады.