Өнер • 19 Шілде, 2021

Рухия Байдүкенова ең алғашқы жеңісін қазақ еліне арнады

315 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық жас әнші, «Славян базары» халықаралық байқауының Гран-при иегері Рухия Байдүкенова жеңістен кейінгі өз әсерімен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Рухия Байдүкенова ең алғашқы жеңісін қазақ еліне арнады

«Көңіл күйім керемет. Бұл менің ең алғашқы үлкен жеңісім және оны қазақ еліне арнаймын. Себебі мен отандастарымның қолдауын сезіндім. Сонымен қатар осындағы жергілікті халық та қолдау көрсетті. Мен өзім музыкамен мектеп жасынан бастап айналысып келемін. Мектеп бітірген соң музыкалық колледжге түсіп, оны тәмамдап, қазір ұлттық өнер академиясының 3 курс студентімін. Алдағы мақсатым – өз әндерімді орындап, соған клип түсіру. Сол сияқты қазақстандық және шетелдік телевизиялық жобаларға қатысу. Шетелдік продюсер немесе компаниялардан ұсыныс түсіп жатса, жұмыс істеуге әзірмін», деді жас әнші Рухия Байдүкенова ZOOM алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ жерлесіміз, әнші Димаш Құдайберген қолдау көрсеткенін айтып өтті.

«Димаш Құдайберген байқауға дейін өз кеңестерін беріп, қолдау көрсетті. Әсіресе вокал жағынан сүйемелдеу көрсетті. Байқау басталған соң біз сөйлеспедік, өйткені ол төреші ал мен қатысушымын. Сондықтан біз сайыстың әділ өтуін қаладық», дейді ол.