Қазақстан • 19 Шілде, 2021

Білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды

505 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Үкіметінің қаулысымен Рүстем Айдарбекұлы Биғари берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды

Рүстем Биғари 1976 жылы Көкшетау қаласында дүниеге келген. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтын, Көкшетау экономика және менеджмент институтын, Бостон университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1999 жылы ҚР Тұрақты даму ұлттық экологиялық орталығының Бағдарламалар мен жобалар мониторингі комитетінің консультанты қызметінен бастады.

2006-2018 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінде түрлі қызметтер атқарған.

2018 жылғы маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Білім және ғылым вице-министрі болды.