10 Қаңтар, 2014

Цемент зауытына жан бітпек

293 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үдемелі индустриялық-инно­ва­циялық даму мемлекеттік бағдар­ла­ма­сының аясында 2010-2018 жылдар ара­лығында облыста 38 жобаны жүзеге асыру көзделген. Белгіленген жоспар бойынша қазірге дейін 29 жоба іске қосылып, 4 мыңнан аса жұмыс орындары ашылды.

Үдемелі индустриялық-инно­ва­циялық даму мемлекеттік бағдар­ла­ма­сының аясында 2010-2018 жылдар ара­лығында облыста 38 жобаны жүзеге асыру көзделген. Белгіленген жоспар бойынша қазірге дейін 29 жоба іске қосылып, 4 мыңнан аса жұмыс орындары ашылды. Оның ішінде көлемі 21 миллиард теңгені құрайтын және 626 жұмыс орнымен қамтамасыз еткен 8 инвестициялық жоба өткен жылы өз жұмысына кірісті. Бір жобаның тұ­сауы сол жылдың соңына дейін ке­сілсе, 5 жоба биылғы жылы, ал 3 жо­ба 2015-2018 жылдары ел игілігіне бе­ріледі. Елдің әлеуметтік жағдайы мен экономикасына үлес қосқан жаңа жобалардың 19-ы немесе 66 пайызының «мекенжайы» аудандарға тіркелген.

Дей тұрсақ та, облыста қиын түйінге айналып отырған бір жоба бар. Ол – Мойынқұм ауданындағы «ACIG» АҚ деп аталатын Хантау цемент зауы­ты. Бұл компания жұмысы айналым қаражатының жеткіліксіздігінен өнім өндіре алмай, тоқтап тұр. Қазіргі уа­қытта осы түйінді жоба бойынша жаңа инвестор табылған. Қиын шақта қол ұшын берген қаржы иесінің айтуынша, компания жақын уақытта іске кірісіп, 2014 жылдың алғашқы жартысынан бастап өнім өндіре бастамақ.

Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан».

Жамбыл облысы.