Облыстың Ақжайық ауданында бұл таңда барлық меншікте 61 808 ірі қара, 176 568 уақ мал, 18 318 жылқы бар. Бұл былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда тиісінше 4,3, 8,5 және 12 пайызға артық. Өткен жылы шаруа қожалықтары 352 бас асыл тұқымды ірі қара, соның ішінде 125 бас аталық сатып алды, мұндай түліктердің саны да жыл өткен сайын артып келеді.
Облыстың Ақжайық ауданында бұл таңда барлық меншікте 61 808 ірі қара, 176 568 уақ мал, 18 318 жылқы бар. Бұл былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда тиісінше 4,3, 8,5 және 12 пайызға артық. Өткен жылы шаруа қожалықтары 352 бас асыл тұқымды ірі қара, соның ішінде 125 бас аталық сатып алды, мұндай түліктердің саны да жыл өткен сайын артып келеді.
Ал жаңа жылмен бірге тағы бір келген жақсылық Бударин ауылдық округіндегі «Аманер» шаруа қожалығына көршілес Ресейдің Орынбор облысындағы Первомайский ауданынан 100 бас қазақтың ақбас сиырларының қашары әкелінді. Фурманов атындағы ауылшаруашылық өндірістік кооперативінен сатып алынған бұл түліктердің біздің өзіміздегі ақбас сиырларға қарағанда бір өзгешелігі – түстері күреңдеу. Шаруа қожалығының иесі Қанат Досқалиев сондай-ақ, «орынборлық» қашарлардың ірірек тұрпатына қызыққанын жасырмайды. Оның қонысында сиырларды жасанды ұрықтандыру пункті жұмыс жасайды, арнайы ұрықтандырушы-техник бар. Қазір ветеринарлық-санитарлық талаптарға сәйкес, қашарлар карантинге қойылып, облыстық ветеринарлық зертханасымен келісімшарт жасалып, мал кеселіне қарсы зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Қ.Досқалиев аталған малды ауданның өзінде 2012 жылдың күзінде іске кіріскен «Ақжайықагро» несие серіктестігінен иеленген 30 млн. теңгеге сатып алды. Айта кетейік, «Ақжайықагро» соған дейін 7 шаруа қожалығына өз тірліктерін жандандыру үшін 16 млн. 600 мың теңге қаржы беру мүмкіндігін тапты. Бүгінге 22 шаруа қожалығы және бір ЖШС құрылтайшысы болып табылатын бұл несие серіктестігіне жүгінушілер қатары көбейе түсуде. Биыл «Ақжайықагро» кем дегенде 120 млн. теңге несие беру мүмкіндігін қарастырып отыр.
Темір ҚҰСАЙЫН,
«Егемен Қазақстан».
Батыс Қазақстан облысы.
Қостанайда қантты 100% үстеме бағамен сатқандар әшкереленді
ANTIKOR • Бүгін, 10:10
Президент БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасымен кездеседі
Президент • Бүгін, 10:03
«Реал Мадрид» UEFA Суперкубогының иегері атанды
Футбол • Бүгін, 09:55
11 тамызға арналған валюта бағамы
Экономика • Бүгін, 09:40
Бес жасар Мәдинаның мәйіті табылған жерден видео жарияланды
Қоғам • Бүгін, 09:38
Джо Байден қысқамерзімді еңбек демалысына шықты
Әлем • Бүгін, 09:33
Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:24
Юлия Путинцева әлемнің үшінші ракеткасын жеңді
Теннис • Бүгін, 09:18
2458 қазақстандық коронавирустан жазылып шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:08
Елімізде 1651 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 09:00
Бокс • Бүгін, 08:40
Теннис • Бүгін, 08:39
Спорт • Бүгін, 08:37
Қазақтың байлығы мыңғырған мал еді
Қоғам • Бүгін, 08:35
Меншік құқығын қорғау ойдағыдай емес
Қоғам • Бүгін, 08:32
Алуан ауруды анықтайтын аппарат
Медицина • Бүгін, 08:30
Корей медицинасымен байланыс кеңейді
Медицина • Бүгін, 08:27
Білім • Бүгін, 08:25
400 мыңнан аса бала мемлекеттен материалдық көмек алады
Білім • Бүгін, 08:23
Абай • Бүгін, 08:22
Абай • Бүгін, 08:20
Сенат депутаттары – халық ортасында
Саясат • Бүгін, 08:17
Оқиға • Бүгін, 08:15
Экспорттағы шикізат үлесін азайтудың жолы қандай?
Экономика • Бүгін, 00:08
Көмір бағасын ырықтандыру қолдан келмей тұр
Экономика • Бүгін, 00:07
Ана тілінде оқудан неге қашады?
Білім • Бүгін, 00:05
Абай • Бүгін, 00:04
Абай • Бүгін, 00:02
Экономика • Бүгін, 00:01
Зейнетақы қаржысын әлі пайдалануға болады
Қаржы • Кеше
Әскери институт батырдың мерейтойын атап өтті
Аймақтар • Кеше
Қоғам жұмыла кіріссе, қоқыстан тазарамыз
Қоғам • Кеше
Ауылдағы ағайынның әлеуетін тиімді қолданбай жүрміз
Қоғам • Кеше
Тозған жолда озған өмір қайдан болсын...
Аймақтар • Кеше
Ұрпақ тәрбиесіндегі алтын қазық
Білім • Кеше
«Жасыл дәліздің» жақсылығы мол
Медицина • Кеше
Медицина • Кеше
Абайдың философиялық көзқарасы
Абай • Кеше
Арзан бензин көршілерге кетіп жатыр
Қазақстан • Кеше
Учаскелік инспектор халықтың көңілінен шыға ма?
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар