Әлем • 20 Шілде, 2021

Әуежайларда бет әлпетті тану жүйесі енгізілді

169 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жапонияның Нарита және Ханэда әуежайларында дүйсен­бі­ден бет әлпетті толық тану жүйесі енгізілді. Енді халықаралық сая­­хат­шылар төлқұжат пен әуе билеттерін көр­сетпей-ақ жолжүгін тіркеп, қауіпсіздік бақылау-өткізу пунктінен өте алады.

Әуежайларда бет әлпетті тану жүйесі енгізілді

Жолаушыларды ұшаққа отырғызу процесін жылдамдатып, олардың жайлылығын қам­тама­сыз етуге бағытталған Face Express жү­йесі бо­йынша жолаушылар әуежайға келгеннен кейін төлқұжат пен отырғызу талондарын тіркеу кезінде суретке түсуі қажет. Нарита халық­ара­лық әуежайының хабарлауынша, арнайы тер­миналдардың көмегімен керекті деректер ен­гізілгеннен кейін жолжүкті тіркеу кезінде, бақы­лау-өткізу пункттеріне кірер бетте және ұшақ­қа отырғызу кезінде жолаушы автоматты түрде тексерістен өтеді.

Жүйе оны сәуір айында Нарита әуежайының қызмет­керлері сынақтан өткізгеннен кейін барып толық қол­данысқа енгізіліп отыр. «Бұл сондай-ақ саяхат­шылар, әуежай мен ұшақ қызметкерлерінің ара­сын­дағы тікелей байланысты азайтып, індеттің тара­луын азайтуға көмектеседі», дейді әуежай операторы.  Жолаушылардың жеке мәліметтері, оның ішін­де суреттері құпиялылықты қорғау мақсатында тір­кел­геннен кейін 24 сағат ішінде жойылып отырады.