Батыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиялық жағдай күрделі күйінде тұр. Соңғы аптада аурушаңдық деңгейі 13%-ға өскен. Өңірде халықтың жаппай екпе алу қарқыны да жоғарылады.

Пандемия басталғалы бері облыста 27 819 адам коронавирусқа шалдыққан болса, биылғы шілде айының басынан бері COVID-19-ды 2 836 батысқазақстандық жұқтырғаны анықталды. Былтырдан бері осы дерттен 458 адам көз жұмды. Әсіресе соңғы аптада өткен аптамен салыстырғанда аурушаңдық деңгейі 13%-ға өскені байқалған. Ауырғандар Орал қаласында, Бәйтерек, Бөрлі ауданында көп.
Карантиндік талаптарға байланысты Ресеймен арадағы мемлекеттік шекарадан өтушілер қатаң бақылауға алынған. 1 шілдеден бастап облыс аумағындағы шекара бекеттерінен барлығы 19 375 адам өтсе, соның ішінде 2 жолаушыдан, 8 жүргізушіден коронавирус анықталып, оқшауланған. Ай басынан бері өңірде 34 503 мәрте ПТР зерттеуі жасалыпты.
Соңғы апта ішінде мониторинг топтары елді мекендерде 285 рейд жүргізіп, 1 166 нысанды тексерген. Соның 24-інде карантин тәртібі бұзылғаны анықталып, 29 хаттама бойынша кінәлілерге 2 771 150 теңге айыппұл салынған.
Қазір өңірде барлығы 602 нысан Ashyq қосымшасы бойынша қызмет көрсетеді. Соңғы аптада «қызыл» мәртебесі бар – 5, «сары» мәртебесі бар 8 адам анықталып, жеке тұлғаларға 306 285 теңге көлемінде айыппұл салынған.
Елдегі және өңірдегі күрделі эпидемиялық ахуалды көріп отырған тұрғындар алдын ала екпе алудың пайдасын түсіне бастаған сыңайлы. Вакциналау облыста 1 ақпанда басталған, қазір өңірде 66 екпе бекеті жұмыс істеп тұр. Облысқа вакцинаның 320 050 дозасы келіп түскен, оның басым бөлігі ресейлік Спутник V болса, 7 мың доза QazVaс, 50 мың доза Hayat Vax және Қытайда өндірілген 16 мың доза CoronaVac вакцинасы бар.
«Жалпы, облыс көлемінде вакцинаның бірінші компонентімен 147 610 адам егілді. Екпенің қос компонентін алған батысқазақстандықтардың саны – 80 970 адам. Маусым айы басталғалы халықтың вакцина алу ынтасы артты. Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін емханалардағы егу пункттері сағат 23.00-ге дейін жұмыс істеп тұр. Айта кетейік, 12 шілде күні облыс аумағында 5 179 адам екпе алды, бұл әзірге рекордтық көрсеткіш», дейді Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Арман Қалибеков.
Батыс Қазақстан облысы
Павлодарда есірткі саудалаған ер адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 10:21
Өткен тәулікте елімізде 5 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 10:06
«Tiji» және «Nickelodeon» қазақша сөйлейді
Өнер • Бүгін, 09:55
Ташкентте қазақстандық университеттердің филиалы ашылады
Қазақстан • Бүгін, 09:51
Коронавирус жұқтырған 10 адамның жағдайы ауыр
Коронавирус • Бүгін, 09:42
Қазақстандық фильм Лос-Анджелесте өткен фестивальде жүлделі болды
Өнер • Бүгін, 09:27
Brent маркалы мұнай бағасы өсті
Экономика • Бүгін, 09:19
Лай көшкіні балдырған қыздың өмірін қиып кетті
Аймақтар • Бүгін, 09:18
Аймақтар • Бүгін, 09:15
«Тобылдың» бас бапкері қызметінен кетті
Футбол • Бүгін, 09:13
Нибали үздіктер қатарынан көрінді
Спорт • Бүгін, 09:10
Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:09
Турнирдің ширек финалына шықты
Теннис • Бүгін, 09:07
Хоккей • Бүгін, 09:05
«Астана опера» – әлем назарында
Театр • Бүгін, 09:00
Ербол Шаймерденов атындағы шәкіртақы берілді
Білім • Бүгін, 08:57
Аймақтар • Бүгін, 08:55
Қазақстан • Бүгін, 08:52
Білім • Бүгін, 08:50
Ғалымдар мұғалімдерге кеңес берді
Ғылым • Бүгін, 08:48
Семіздіктің бала болашағына зардабы көп
Қоғам • Бүгін, 08:45
Медицина • Бүгін, 08:43
Неонаталды хирургия: Ұлт мүддесі – ұрпақ саулығы
Медицина • Бүгін, 08:39
Ел дамуының болашағына арналды
Қазақстан • Бүгін, 08:36
Азаматтар құқықтарын қорғау күшейтіледі
Қазақстан • Бүгін, 08:33
БҰҰ өкілімен алдағы референдумды талқылады
Қазақстан • Бүгін, 08:30
Түзетулерді қарапайым тілмен жеткізу қажет
Референдум-2022 • Бүгін, 08:27
Көрші елдермен тату болу маңызды
Пікір • Бүгін, 08:24
Пікір • Бүгін, 08:20
Ауғанстандағы тұрақсыздық алаңдатады
Пікір • Бүгін, 08:15
Құқықтық мемлекетте біліксіз заңгерлерге орын жоқ
Қазақстан • Бүгін, 00:35
Демократияға бастайтын тура жол
Референдум-2022 • Бүгін, 00:31
Экономика қайтсе еңсе тіктейді?
Экономика • Бүгін, 00:31
Тозған жылу электр орталықтарын жаңғыртсақ игі
Қазақстан • Бүгін, 00:03
Банк операцияларын реттейтін платформа
Қаржы • Кеше
Президент саябағына сакура егілді
Қоғам • Кеше
Экономика • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Қоғамды үлкен өзгерістер күтіп тұр
Референдум-2022 • Кеше
Ұқсас жаңалықтар