10 Қаңтар, 2014

Кептіру желілерінің өнімділігі төрт есе артты

430 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Соколов-Сарыбай кен өндіру бірлестігіндегі кен дайындау және байыту фабрикасының  №3 және 5 кептіру желілерін жаңарту-жаңғырту жұмыстары аяқталды. Ол кәсіпорынның ин­вес­тициялық бағдарламасының аясында жүр­гізілді. Кептіру учаскесі – фабрикада ең маңызды нысанның бірі.

Соколов-Сарыбай кен өндіру бірлестігіндегі кен дайындау және байыту фабрикасының  №3 және 5 кептіру желілерін жаңарту-жаңғырту жұмыстары аяқталды. Ол кәсіпорынның ин­вес­тициялық бағдарламасының аясында жүр­гізілді. Кептіру учаскесі – фабрикада ең маңызды нысанның бірі.

– Конвейерлі көлікпен байыту учаскесінен ылғалдылығы 9,8 пайыз концентрат келіп түсе­ді. Тұтынушыға тиісті сападағы концент­рат қатып қалмас  үшін  кептіру желі­лерін­де ылғал көрсеткіші 3 пайызға дейін төмендетіледі, – кеп­тіру учаскесінің бастығы Петраш Евгений дайын өнімді алу технологиясын осылай түсіндіреді.  Қазір учаскені  жартылай жаңарту жұмыстары жүргізілген. Жаңа жабдық сағаты­на 200 тонна концентратты кептіре алады, ал бұрынғы ескі үлгідегі кептіру желілері саға­ты­на 155 тоннаға ғана үлгеретін еді. Шикізат өнім­ділігін арттыру және сапасын жақсарту фабрика кешенінде өндіріс көлемін үздіксіз арттырудың кепілі.

Кептіру желілерін жинақтау іргетасты орнату, кептіру барабандарын, газ тазарту жүйелерін монтаждау, жылу генераторын төсеу сияқты ауқымды жұмыстар тізбесін қамтыды.  Жаңарту қалақты саптамалардың ішкі сұлбасын өзгертуді қарастырды. Олардың арасындағы арақашықтықты ұлғайту концентратты жақсы кептіруге әсер етеді. 

– Техникалық қайта жабдықтау және жа­ңарту-жаңғырту жұмыстары фабрика кешенінің барлық учаскелерінде жүзеге асырылады. Бүгінде қуаттылықты жаңарта отырып, өндірістің тұрақтылығы мен өнімділіктің артуына қол жеткізуге болады. Мұның бар­лы­ғы да тұтынушылардың жоғары сапалы өнімді алуларына кәсіпорын ұжымының мүдделілігінен туындайды, – дейді «ССКӨБ» АҚ президенті Мұхамеджан Тұрдахунов.

Кептіру желілерін жаңарту жұмыстары биылғы жылы да жалғасады. Осы кезеңге қалған төрт желіні ауыстыру жоспарда бар.

Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА,

«Егемен Қазақстан».

РУДНЫЙ.

Соңғы жаңалықтар