Үкімет • 20 Шілде, 2021

Парламент Сенатының Төрағасы мұсылман қауымын Құрбан айт мерекесімен құттықтады

585 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев барша мұсылман қауымын Құрбан айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Парламент Сенатының Төрағасы мұсылман қауымын Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Құрметті достар!

Баршаңызды қасиетті Құрбан айт мейрамымен құттықтаймын!

Құрбан айт адамзатты имандылыққа, қайырымдылыққа және ізгілікке үндейді. Осы күндерде барша мұсылман қауымы Алла жолында құрбандық шалып, мұқтаж жандарға қол ұшын созып, көмек көрсетуге асығады. Мұндай игі амалдар елдің ырыс-ынтымағын арттырып, өзара келісім мен түсіністікті нығайта түседі.

Биыл да бүкіл әлем қасиетті мерекені күрделі кезеңде қарсы алуға мәжбүр болып отыр. Осы ретте бұл індетті тоқтату үшін карантин талаптарын сақтап, вакцина ектірудің маңызы зор. Іске асырылып жатқан шаралардың негізінде осы індеттен көп ұзамай құтыламыз деп сенеміз.

Ұлық мерекемен құттықтай отырып, елімізге амандық, жерімізге тыныштық, әр шаңыраққа шаттық тілеймін! Шалған құрбандықтарыңыз бен ниеттеріңіз қабыл болсын!

Айттан айтқа аман-есен жете берейік!