Коронавирус • 20 Шілде, 2021

Әрбір төртінші қазақстандық вакцинаның бірінші компонентін алды - Алексей Цой

2731 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

19 шілдеде Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай жөніндегі кеңесте сөз сөйледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әрбір төртінші қазақстандық вакцинаның бірінші компонентін алды - Алексей Цой

Президенттің төрағалығымен өткен кеңесте денсаулық сақтау министрі коронавирус ахуалын тұрақтандыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтты.

Министрдің мәліметінше, бүгінгі таңда әрбір төртінші қазақстандық вакцинаның бірінші компонентін алды. Бірінші компонентпен барлығы 4,9 млн.адам егілді, тиісті халықты қамту 49%-ды құрады, екінші компонентпен 28% тиісті халықты қамтумен 2,8 млн. жуық адам егілді.

Бірінші дозамен вакцинациямен қамтудың ең аз пайызы Маңғыстау облысында байқалды.

Пессимистік сценарийде 2021 жылдың шілде-қыркүйек айларында тіркелген жағдайлардың саны шамамен 670 мың адамды құрайды немесе орташа есеппен тәулігіне тамыз айында 11 мың жағдайдан жоғары.

Екінші реалистік сценарий бойынша 2021 жылғы шілде-қыркүйекте тіркелген жағдайлардың болжамды саны шамамен 555 мың адамды құрайды (орташа есеппен тамыз айында тәулігіне 9,0 мың жағдайдан жоғары).

Оптимистік сценарий бойынша, 2021 жылдың шілде-қыркүйек айларында тіркелген жағдайлардың саны шамамен 425 мың адамды құрайды (орташа есеппен тамыз айында тәулігіне 7 мыңға жуық жағдайдан жоғары).

«Оптимистік сценарийді дамыту карантиндік шаралардың күшеюімен және вакцинациямен қамтудың өсуімен ғана мүмкін болады», деді Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

Президенттің жаңа оқу жылында мектептерді оффлайн оқытуға қайтару туралы тапсырмасын ескере отырып, Министрлік ДДҰ ұсынған оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәсілдерін талдап, бейімдеді. Ол үшін келесі шаралар ұсынылады:

  • 100% педагогтарды вакцинациялау;
  • 12 жастан асқан оқушыларды вакцинациялау;
  • Санитарлық нормаларды сақтау және карантинді енгізуге сараланған тәсіл (онлайн оқытуға ауыстыру);
  • Психологтар мен әлеуметтік қызметкерлердің жұмысын күшейту;
  • Инфекция белгілері болған кезде ПТР-тестілеу;
  • Бейінді мамандардың оқушылардың денсаулық жағдайын мониторингілеу. 

Денсаулық сақтау министрлігі Денсаулық сақтау жүйесі ауыр және өлім жағдайларын бақылау мен бақылауға, төсек қорының, дәрі-дәрмектердің дайындығына, диагностикалық тест жүйелерінің, дәрі-дәрмектер мен иммунобиологиялық препараттардың жедел өндірісіне қайта құрылуы керек деп санайды.