Спорт • 20 Шілде, 2021

Токио Олимпиадасының ұйымдастыру деңгейі қандай?

320 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бокстан Қазақстан командасының мүшесі Абылайхан Жүсіпов Токиодағы алғашқы жаттығу күндері қандай деңгейде өтіп жатқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Токио Олимпиадасының ұйымдастыру деңгейі қандай?

«Жапонияның астанасы Токио қаласына келіп, олимпиадалық ауылға орналастық. Мұнда спортшыларға керекті дүниенің бәрі де бар. Бар жағдай жасалған. Рио Олимпиадасына да қатысқанымды білесіздер. Егер салыстырмалы түрде қарасақ, екі елдегі ұйымдастыру деңгейі ұқсас», деді боксер.

Олимпиада қалашығындағы алғашқы жаттығу күндері ойдағыдай өтіп жатқанын да тілге тиек етті.

«Токиода жаттығуды бастап кеттік. Арнайы тренажер залы да бар екен. Барлық ережелерді сақтап жүрміз. Күніне бірнеше рет ПТР тест тапсырамыз. Әрине, бұл аздап жалықтырады. Дегенмен, барша әлем пандемиямен күресіп жатқандықтан, бұл талапқа мойынсұнамыз», дейді Абылайхан Жүсіпов.