10 Қаңтар, 2014

Көкпар ойынындағы адам өлімі

294 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оңтүстік Қазақстан облысында көкпардан кісі өлімі орын алды. Оқиға Түлкібас ауданында болды.

Оңтүстік Қазақстан облысында көкпардан кісі өлімі орын алды. Оқиға Түлкібас ауданында болды. Ұлттық ойын қызған шақта екі жігіттің арасында кикілжің туындап, олардың бірі екіншісіне оқ атады. Ауыр жарақат алған шабандоз ауруханаға жетпей, жедел жәрдем көлігінде көз жұмған. Тәртіп сақшылары ізін суытқан күдіктіні бір тәуліктен кейін қолға түсірді. Ол жергілікті жердің тұрғыны болып шықты.

«Айғақты зат ретінде күдіктіден Макаров тапаншасы мен сайга мылтығы тәркіленді. Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 96-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде», дейді облыстық ішкі істер департаменті мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының басшысы Салтанат Қаракөзова.

Бақытбек КЕНЕШҰЛЫ.