Әлем • 20 Шілде, 2021

Америкалық миллиардер Джефф Безос ғарышқа аттанбақ

440 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

20 шілдеде Amazon корпорациясының басшысы Джефф Безос иелік ететін Blue Origin ғарыш компаниясы ғарышқа аттанып, алғашқы миссиясын орындайды, деп хабарлайды Egemen.kz CNN-ге сілтеме жасап.

Америкалық миллиардер Джефф Безос ғарышқа аттанбақ

New Shepard кемесінде Безостың өзі, оның ағасы Марк, сондай-ақ 82 жастағы Уолли Франк пен 18 жастағы Оливер Дэмен болады. New Shepard Карман сызығын кесіп өтеді деп күтілуде. Ол - теңіз деңгейінен 100 шақырым биіктікте орналасып, ғарыш аймағының шекарасы деп есептелінеді.

Бұл миссия екі ерекшелігі бар - Дэмен ғарышқа ұшқан ең жас адам, ал Франк ең қарт адам болмақ.

Капсула зымыран ұшқаннан кейін үш минут өткен соң кемеден бөлініп шығады. Экипаждың жерді тамашалауға шамамен үш минут уақыты бар, кейін жерге төмендеу басталады. Ғарыш аумағындағы сапар шамамен 15 минутқа созылады.

Ұшу Солтүстік Америка уақыты бойынша 8:00-ге, яғни Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 19:00-ге жоспарланған. Тікелейэфир бір жарым сағат бұрын, сағат 17:30-да басталады. Онда кеме мен астронавттардың ұшу алдындағы дайындығы көрсетіледі. YouTube-тегі Blue Origin ресми арнасында оқиғаны тікелей эфирде көруге болады.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50