Спорт • 20 Шілде, 2021

Токио-2020 Халықаралық Олимпиада ойындарының жаңа ұраны бекітілді

515 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Токиода өткен Халықаралық олимпиада комитетінің сессиясында Олимпиада ойындарының жаңа ұраны бекітілді. Бұл туралы ақпарат Олимпиада ойындардың сайтында жарияланған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Токио-2020 Халықаралық Олимпиада ойындарының жаңа ұраны бекітілді

Енді Токиода өтетін Халықаралық Олимпиада ойындарында спортшылар «Жылдамырақ, биік, күштірек - бірге» деп ұрандататын болады.

«Ұйымшылдық – спорт арқылы әлемді жақсарта түсудегі біздің негізгі миссиямыз. Жылдам болу үшін, жоғары биік шыңдарды бағындыру үшін, мықты болу үшін біз бірге болуымыз керек», деді Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах.

Олимпиаданың қазіргі ұраны «Жылдамырақ, биік, күштірек» 1894 жылы алғашқы олимпиада конгресінің шешімімен бекітілді.

ХОК басшысы Томас Бах «ұйымшылдық» сөзіне ерекше тоқталып өтті, сондықтан ұрандағы «бірге» сөзі ұйымшылдықты білдіреді.

Еске сала кетсек, XXXII жазғы Олимпиада ойындары 23 шілде-8 тамыз аралығында Жапония астанасы Токиода өтеді.

Қазақстанның құрама командасы 27 спорт түрінен 97 лицензияны қанжығалады. 

16 шілде күні ел намысын қорғайтын спортшылар Жапонияға аттанды.