Спорт • 21 Шілде, 2021

Олимпиада ойындарының жаңа ұраны бекітілді

1082 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Токиода өткен Халықаралық Олимпиада комитетінің сессиясында бірауыздан Олимпиада ойындарының жаңа ұраны бекітілді. Бұл туралы Олимпиада ойындардың сайтында жазылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Олимпиада ойындарының жаңа ұраны бекітілді

Ендігі уақытта Олимпиада ойындарында «Жылдамырақ, биік, күштірек – бірге», деп ұрандалады.

«Ұйымшылдық – спорт арқылы әлемді жақсарта түсудегі біздің негізгі миссиямыз. Жылдам болу үшін, биік шыңдарды бағындыру үшін және мықты болу үшін – біз бірге болуымыз керек», деді Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах.

Олимпиаданың қазіргі «Жылдамырақ, биік, күштірек» ұраны 1894 жылы алғашқы олимпиада конгресінің шешімімен бекітілді. 1896 жылы Афинада алғаш қазіргі заман олимпиада ойындары өтті.

ХОК басшысы Томас Бах «Ұйымшылдық» сөзіне ерекше тоқталып өтті. Ұрандағы «Бірге» сөзі ол ұйымшылдықты білдіреді.