Экономика • 21 Шілде, 2021

Теңге төмендей бастады

464 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сарапшылар теңге динамикасындағы өзгеріске мұнай бағасының арзандағаны әсер етіп жатқанын айтады, деп жазады Egemen.kz  сейсенбідегі KASE қортындысына сілтеме жасап. 

Теңге төмендей бастады

Қазақ теңгесінің бағасы сейсенбіде KASE қор биржасындағы сауда-саттықта төмендегені байқалды.

Brent маркалы баррелі екі айдағы ең төменгі көрсеткіш 68,69 доллардан сатылуда. Дүйсенбі сессиясында Солтүстік теңіз шикізатының «баррелі» 5 долларды жоғалтты.  Нарық ОПЕК + өндірісін одан әрі дамыту туралы шешімдер қабылдады: Мүше елдер қолайлы сәтті күтіп іштен тынып отыр. Тарқатып айтқанда, мұнайға деген сұраныс пен ұсыныстың арасындағы тепе-теңдікке сызат түсті, жеткізілім тапшылығы болмайды. Ал коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты энергияға деген сұраныс қазір құбылып тұр.

Сарапшылар Brent маркалы мұнай бағасы 68,45 долларға дейін, тіпті одан да төмен арзандап кетуі мүмкін екенін айтуда. Осы күнге дейін сарапшылар айтып келгендей, Brent маркалы баррель бағасы 60 доллардан төмендеп кеткенде ғана теңгеге қауіп төнуі мүмкін, оған дейінгі өзгерістерді ет пен тері арасындағы жел деп қабылдауға болады.

Капитал нарығы қазір қауіпсіз активтерге қызығушылық танытып отыр, сондықтан доллар, жапон иенасы және алтынның бәсі басым болып тұр.

Жақын арада шетелдік валюталар келесідей өзгереді: АҚШ доллары 427,50-428,00 теңге, еуро - 504-510 теңге, рубль - 5,75-5,78 теңге аралығында саудаланады.