Спорт • 21 Шілде, 2021

2032 жылғы Олимпиада ойындарының қайда өтетіні белгілі болды

619 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) 2032 жылғы жазғы Олимпия мен Паралимпия ойындары Аустралияның Брисбен қаласында өтетінін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

2032 жылғы Олимпиада ойындарының қайда өтетіні белгілі болды

Осымен Аустралия жерінде жазғы Олимпия ойындары үшінші рет өткелі тұр. Бұған дейін төртжылдықтың басты додасын 1956 жылы Мельбурн және 2000 жылы Сидней қалалары қабылдаған еді. Сидней Олимпиадасында жерлестеріміз атой салып, 3 алтын, 4 күміс жеңіп алғаны халықтың есінде болар. Сол сында боксшыларымыз екі алтын, екі күміс медаль жеңіп алған еді. Токио Олимпиадасында боксшыларымызға Сиднейде жеткен жетісітігімізді қайталаса екен деген тілегіміз бар.

Естеріңізге сала кетейік, жазғы Олимпиаданы 2024 жылы - Париж (Франция), 2028 жылы Лос-Анджелес (АҚШ) қаласы қабылдайды.