Спорт • 21 Шілде, 2021

Артық ақша төлегіміз келмейді: Серік Сәпиев Олимпиада трансляциясы туралы айтты

524 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы, 2012 жылғы Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Токио Олимпиадасын Қазақстанда трансляциялау туралы түсіндірді, деп жазады Egemen.kz tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Артық ақша төлегіміз келмейді: Серік Сәпиев Олимпиада трансляциясы туралы айтты

Комитет төрағасының айтуынша, Олимпиада ойындарын тарату бойынша құқық иеленуші компания трансляция жасау үшін Қазақстаннан өте үлкен сомада ақша сұраған. Алайда көрші мемлекеттер бұл құқықты салыстырмалы түрде арзанға алып отыр.

«Мысалы, Қырғызстан бар болғаны 100 мың доллар төлеген. Өзбекстан 800 мың доллар төлегені туралы ақпарат бар. Бұл бағаларды салыстырамыз. Әрине, Олимпиада ойындарын елімізде көрсету үшін артық ақша төлегіміз келмейді. Сондықтан отандық арналар Токиодан трансляция жасамауы мүмкін деген мәселе туындады. Әзір бұл нақты шешім емес. Келіссөз жүргізіп жатырмыз. Жақында нақты ақпарат береміз», деді С.Сәпиев.