21-22 шілдеде күндіз Қызылорда облысында солтүстіктен жел соғады. Кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с дейін жетіп, шаңды дауыл күтіледі. Өте жоғары өрт қауіпі сақталады.
Батыс Қазақстан облысында найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, кей жерлерде 15-20 м/с дейін күшейеді. Орал қаласында найзағай ойнап, жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, екпіні 18 м/с дейін жетеді.
Шығыс Қазақстан облысында найзағай, күндіз кей жерлерде бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан 15-20 м/с дейін жел тұрады.
22-23 шілдеде Қарағанды облысының кей желерінде найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады. Жылдамдығы кей жерлерінде 15-20 м/с болады. Күндіз 35 градусқа дейінгі қатты ыстық сақталып, өте жоғары өрт қауіпі сақталады.