Аймақтар • 21 Шілде, 2021

Ақмола облысынан екі мина табылды

265 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола полицейлері танкке қарсы екі минаны залалсыздандырды, деп хабарлайды Egemen.kz Kazpravda.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақмола облысынан екі мина табылды

Ақмола облысы полиция департаменті баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, Біржан Сал ауданының аумағында сыртқы түрі бойынша әскери, цилиндр пішіндес металл заттар табылған.

Оқиға орнына аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы мен Ақмола облысы ПД оқу-жаттығу взводының қызметкерлері шықты. Әскери қарулар табылған аумақ толығымен қоршалған.

Аумақты тексеру барысында металл заттардың «у-ОЗМ-72» маркалы сынықты миналар екені анықталды. Миналарды зерттеу барысында мамандар олардың тозғанын, коррозияға ұшырағаны мен механикалық зақымданулары барын айтты. Әскери миналар сол жерде залалсыздандырылды.

Миналар табылған аумаққа таяу жерде бұрын «Юбилейная» шахтасына тиесілі жарылғыш заттардың қоймасы орналасқаны белгілі болды. Бұл қойма 1990 жылы жабылған.