Қоғам • 21 Шілде, 2021

ІІМ қызметкерлері 26 литр қан тапсырды

409 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Медициналық ұйымдарды қан компоненттерімен толық қамтамасыз ету үшін «Қан тапсырыңыз, әлемде өмір импульсі болсын» деген лозунгпен жазғы донорлық акциясы өткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ІІМ қызметкерлері 26 литр қан тапсырды

ІІМ-нің қызметкерлері қан мен оның компоненттерін қауіпсіз тапсыру үшін барлық жағдай жасалған қан орталығының мамандандырылған автобусында кезекті рет қан тапсырды. Донорлық акцияға ІІМ орталық аппаратының 60-қа жуық қызметкері қатысып, қан орталығына 26 литр қан жіберілді.

Қан хирургиялық операциялар жасау және күйікке шалдыққан науқастарға көмек көрсету кезінде қажет. Ол онкологиялық науқастардың өмірін сақтауға және басқа да ауруларды емдеуде үлкен рөл атқарады. Донорлық қан қорларын тұрақты түрде толықтыру – адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтаудың кепілі. Сондықтан министрлік қызметкерлері донорлық акцияларға қатысуды дәстүрге айналдырған. 

«Мен үшін қан тапсыру өте маңызды. Себебі біз тапсыратын қан 450 миллилитр болса да, ол біреудің өмірін сақтап қалуы мүмкін», дейді Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкері Риза Төлеубай.

ҚР ДСМ Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының медицина қызметкерлері Ішкі істер министрлігінің донорларына алғыс білдірді.