Үкімет • 22 Шілде, 2021

Мақсат – нақты, талап – қатты

9 рет көрсетілді

Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғ­жанов­тың төрағалығымен ел аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК отырысы өтті, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.

Отырыста Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биыл­ғы 19 шілдедегі елдегі эпи­­де­миялық ахуал жө­нін­­­дегі кеңесте берген тап­сыр­ма­­ларын орындауды ұйым­да­с­тыру мәселелері қаралды.

 Вице-премьер мемлекеттік орган өкілдерінің баяндамаларын тыңдап, қысқа мерзім ішінде Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді орындау үшін мынадай шараларды қабылдауды тапсырды: жаңа штамдардың пайда болуын ескере отырып, коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі жедел іс-қимылдардың нақты жоспарын әзірлеу және енгізу; «QazVac» отандық вакцинасын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында тіркеу және оны одан әрі үшінші елдердің нарығына шығару мәселесін пысықтау, осы бағытта нақ­ты жол картасын әзірлеу; каран­тиндік шектеулерді сақтауға қойылатын талаптарды қатаң­дату мәселесін пысықтау; вак­циналау қарқыны төмен өңір­лерге әдістемелік көмек көр­сету үшін көшпелі бригада­лар құру; коронавирусты диаг­ностикалау мен емдеу хат­тамаларына сәйкес реанимация бөлімшелері мен жедел медициналық көмек қызметтерін қосымша жарақ­тандыруды қамтамасыз ету жөнінде нақты ұсыныстар ен­гі­зу; коронавируспен ауыра­тын науқастарды емдеу үшін «Рем­десивир» препаратын ор­талықтандырылған сатып алу мәселесін шешу жөнінде шаралар қабылдау; Ішкі істер министрлігі, басқа да мүдделі мемлекеттік орган­дармен бірлесіп, жалған ва­к­циналау паспорттарын жа­саудың жолын кесу жөнін­де­гі ведомствоаралық арнайы топ құру; Цифрлық даму, инно­вациялар және аэроғарыш өнер­кәсібі министрлігі «Ата­мекен» ұлттық кәсіпкерлер  пала­тасымен және Денсаулық сақ­тау министрлігімен бірле­сіп, бизнес субъектілерін Ashyq бағ­дар­ламасына енгізу жөнін­дегі талаптарды жеңіл­дету керек.

 Ералы Тоғжанов мониторинг топтардың жұмысы маңызды екенін атап өтіп, Ішкі істер министрлігі мен әкімдіктерге осы бағыттағы жұмысты жандандыруды тапсырды. Бұдан басқа, ВАК Ashyq арқылы тіркелген қо­ғамдық орындарға баратын «қызыл» және «сары» мәр­тебесі бар адамдарға қатысты шараларды қатаңдату туралы шешім қабылдады. Енді карантин режімін бұзған «қызыл» мәртебесі бар азаматтардың есімі бұқаралық ақпарат құ­рал­­дарында жарияланады.

 Сондай-ақ вице-премьер Е.Тоғжанов мемлекеттік ор­гандардың басшылары мен өңірлердің әкімдіктеріне вакциналау тұрғысынан түсін­діру жұмыстарын күшейтуді, сондай-ақ халықты коронавирус инфекциясынан вакциналаумен қамтуды арттыру туралы нақты тапсырмалар берді. 

Соңғы жаңалықтар

Шаманың әні

Өнер • Кеше

Сотталған жырлар

Әдебиет • Кеше

9 ай «толғатқан» 9 пайыз

Экономика • Кеше

Атом көлге сапар

Аймақтар • Кеше

Ұқсас жаңалықтар