Сайлау • 22 Шілде, 2021

Жастармен кездесті

362 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мәжіліс депутаты Аветик Амирханян ауыл әкімдігінен үміткер әріптесі Әзілхан Зарифовпен бірге Бөрлі ауылының жастарымен кездесті.

Жастармен кездесті

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданындағы Бөрлі ауылы – кезінде аудан орталығы болған, ірі ауылдық округ. Шілденің 25-і күні өтетін ауыл әкімдері сайлауына Nur Otan партиясы атынан түскелі отырған Әзілханның негізгі мамандығы – ағылшын тілі пәнінің мұғалімі. Қос жоғары білімі бар үміткер бұған дейін бірнеше ауыл әкімдігі аппаратында қызмет атқарған.

«Ауыл әкімдерін халықтың өзі тікелей сайлауы – өте маңыз­ды қадам. Бұл сайлау науқаны кезінде әр үміткердің ауылды дамыту жөніндегі сайлауал­ды бағдарламасы ең басты құ­жат екені сөзсіз. Бірақ сайлауда халық сеніміне ие болған әкім берген уәдесін ұмытпай, сай­лау­шылардың тапсырмасын орын­дауға тиіс», деді жастар алдында сөз алған Аветик Рубенұлы.

Депутаттың айтуынша, Nur Otan партиясынан ұсынылған үміткер өз бағдарламасын билік партиясының бағыт-бағ­дары­мен үндестіре жасайды. Сон­дық­тан да ол уәделер құрғақ сөз болмайды. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тіке­лей тапсырмасымен өткелі отыр­ған саяси науқан елдегі саяси жүйенің пісіп-жетілгенін ғана көр­сет­пейді, сонымен бірге біз­дің қоғамның демократиялық дамуына бағытталған маңызды қадам екені сөзсіз дейді депутат. 

Пандемияға байланысты үгіт-насихат кезеңі, негізінен, онлайн форматта өтіп жатқанымен, әр сайлаушы өз таңдауының ма­ңызды екенін толық түсінеді. Өйт­кені ауыл әкімін тікелей сай­лау, ауыл тағдырын қолына ұс­тай­тын адамды таңдау – туған жерің­нің келешегіне деген жа­уап­кершілік те жүктейтіні анық.

«Алдағы сайлауда бөрліліктер ең лайықты тұлғаны тап басып таңдай алады деген сенімдемін. Ал бұл сайлауда жеңіп шыққан әкімді ең жоғары марапат – халық сенімі күтіп тұр», деді Аветик Амирханян.

Кездесуде Әзілхан Зарифов та сөз алып, өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Осындай маңызды сәтте қолдау білдіріп келген Мәжіліс депутатына рахмет айтты.

Кездесу барысында Мәжіліс депутаты жастардың түрлі са­уалдарына жауап берді.

 

Батыс Қазақстан облысы