Қазір коронавиурс инфекциясы өршіп тұрған өңірлердің қатарында Атырау да бар. Соңғы күндері мұнда қауіпті вирусты жұқтыру дерегі қайта көбейді. Мұнайлы өңірдегі осындай алаңдатарлық ахуал карантиндік шектеу шараларын күшейтуге мәжбүр етті. Сол себептен облыстың бас мемлекеттік санитар дәрігері Мәдениет Танауовтың жаңа қаулысы 17 шілдеде күшіне енді. Соған сәйкес Ashyq жобасына қатысатынына қарамастан, бірнеше нысанның жұмысын тоқтатуға шешім қабылданды.

«Көпшілік іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды, оның ішінде үйде және жаппай адамдар жиналатын өзге де іс-шараларды өткізу, ойын-сауық объектілерінің, банкет залдарының, жабық үй-жайдағы, қоғамдық тамақтану объектілеріндегі балалар ойын-сауық орталықтары мен аттракциондардың, ойын алаңдарының (ауладағыларды қоспағанда), кальян, букмекерлік кеңселердің, ойын клубтарының, түнгі клубтардың, мерекелерді ұйымдастыру қызметі тоқтатылсын», делінген қаулыда.
Сондай-ақ көрермендері бар спорттық іс-шараларды өткізуге, ашық ауадағы аттракциондардың (демалыс саябақтарында, алаңдарда), бассейндері бар аквапарктердің жұмысына, алаңдардағы, саябақтардағы, скверлердегі, жағалаудағы балалардың, ересектердің жылжымалы ойын құралдарының ұсақ бөлшек саудасына, жалға беруге, қалааралық, облысаралық, қалалық жүйелі және жүйелі емес автобус және шағын автобус тасымалына, жиналыстар, кеңестер, семинарлар, конференцияларды офлайн режімде өткізуге тыйым салынды.
Осындай күшейтілген шектеу шаралары енгізілгеніне қарамастан, 20 шілдеде 348 адам қауіпті вирусқа шалдыққаны анықталды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ұсынған мәліметіне қарағанда, соңғы тәулікте Атырау қаласында 212 науқас тіркелді. Теңіз кен орнында 34 жұмысшы індет жұқтырды. Жылыой ауданында – 43, Құрманғазыда – 14, Исатайда – 13, Индерде – 11, Мақатта – 10, Махамбетте – 10, Қызылқоға ауданында бір адамнан коронавирус инфекциясының белгісі табылып отыр.
«Өңірдегі инфекциялық стационарларда 1 105 науқас ем қабылдап жатыр. Оның ішінде аудандардағы стационарларда – 271, №2 облыстық
ауруханада – 203, модульдік ауруханада – 188, темір жол ауруханасында – 107, кардиологиялық орталықта – 101, фтизиопульманология орталығында 96 науқас бар. Жылыой ауданында орналасқан Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 139 пациент, өз үйінде емделу үшін 2 399 адам оқшауланды. Инфекциялық стационарлардың 113 орындық жансақтау бөлімдерінде жатқан 65 науқастың жағдайы ауыр екені белгілі болып отыр. Науқастардың он бірі өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Қазір мұндағы жүктеме 57,5%-ды құрады», деп мәлімдеді басқарманың баспасөз қызметінен.
Атыраудағы №2 облыстық инфекциялық аурухананың директоры Мағжан Сиджановтың айтуынша, жүкті аналар қауіпті вирусты көп жұқтырған. Мәселен, 20 шілдеде модульдік аурухананың инфекциялық стационарында коронавирус инфекциясымен жатқан науқастар арасында 87 жүкті, босанған 10 әйел мен жаңа туған 7 нәресте болған.
– Биылғы наурыздан бері модульдік ауруханада 88 сәби дүниеге келді. Сәбилерден коронавирус инфекциясына қарсы алынған ПТР-тест теріс нәтиже көрсетті. Алайда жүкті әйелдерде қауіпті вирусты жұқтыру қаупі жоғары екені байқалып отыр. Сондықтан өмірге сәби әкелуді жоспарлаған немесе жүкті әйелдерге қауіпті инфекциядан барынша қорғануға шақырамын, – дейді М.Сиджанов.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, модульдік ауруханада жатқан емделуші өзін күштеп ұстап отырғаны туралы видео жариялаған. Тіпті емделушінің анасы аурухана ішіне баса-көктеп кіріп, дәрігерлердің жұмысына кедергі келтірген. Сөйтіп өзге емделушілердің мазасын алып, шу шығарған.
«Емделушінің анасы аурухана дәрігерлерінің емдік шаралары көрсетіліп жатқаны туралы айтқанына құлақ аспады. Сондай-ақ емделушінің өзі Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің бұйрығын бұзып, аурухананың ішін видеоға түсірген. Осыған байланысты №2 облыстық аурухананың әкімшілігі жалған ақпарат таратып, оны жария еткені үшін істі сотқа беруге дайын», деп мәлім етті аурухананың әкімшілігі.
Аталған ауруханаға түскенде емделушіде коронавирус инфекциясының белгісі анықталған. Сондай-ақ екіжақты пневмония диагнозы қойылған екен.
«Анасы мен күйеуі екіжақты заңды куәгерлердің қатысуымен қолхат жазып, емделуші үйіне жіберілді. Енді Махамбет ауданы тұрғынының денсаулығы учаскелік дәрігерлердің бақылауында болады», деп хабарлады аурухана әкімшілігі.
Ал облыстық полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиевтің мәліметінше, карантиндік шектеудің күшейтілуіне байланысты мониторингтік топтардың жұмысы ширатылды. Топ мүшелері қалада бір күнде карантиндік шектеу талаптарын бұзған 9 кәсіпкерлік нысанды анықтады. Мониторингтік топ 17 шілдеде Бейбарыс көшесінде орналасқан Continental Gold мейрамханасында өтіп жатқан тойдың үстінен түсті. Бұл мейрамханадағы тойға 50-ден аса адам қатысқан.
Сондай-ақ сол күні Атырау шағын ауданындағы «Акварай» аквапаркі карантин талаптарын бұзып, жұмыс істеген. Zheka’s doner house кафесі түн ортасында келушілерді қабылдаған. Алайда бұл нысанның иесі түсінік беруден бас тартқан.
Міне, «қызыл аймақтағы» Атыраудың бүгінгі ахуалы осылай құбылып тұр. Демек, жұрт жақынына жанашыр болуды әлі түсінбеген секілді.
Атырау облысы
Елордада жеңіл атлетикадан марафон ұйымдастырылды
Елорда • Кеше
Қызылорда облысында абайсызда арыққа құлап кеткен сәби көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттегі жарылыстан бір нәресте шетінеді
Аймақтар • Кеше
Ақтөбе облысында 15 жастағы балаға найзағай түсіп көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Елімізде 9,5 миллионға жуық адам КВИ-ге қарсы екпе алды
Коронавирус • Кеше
Шымкенттегі перзентхана маңында жарылыс болды
Оқиға • Кеше
Мемлекет басшысы Мәжіліс төрағасын қабылдады
Президент • Кеше
Роман Скляр жұмыс сапарымен Ашхабадқа барды
Үкімет • Кеше
Шетелдегі Қазақстан азаматтары референдумға қатыса алады
Қазақстан • Кеше
Елімізде бір тәулікте 3 адам коронавирус жұқтырды
Қазақстан • Кеше
21 мамырға арналған валюта бағамы
Қаржы • Кеше
Белгілі этнограф, суретші Ералы Оспановтың кітаптарының тұсаукесері өтеді
Өнер • 20 Мамыр, 2022
Смайылов ТМД елдерін азық-түлік бағасымен күресте күш біріктіруге шақырды
Саясат • 20 Мамыр, 2022
Солтүстік Кореяда ковидке шалдыққандар саны 2 миллионнан асты
Әлем • 20 Мамыр, 2022
«Capital Bank Kazakhstan» АҚ салымшыларына кепілді өтем төлеу мерзімі аяқталады
Экономика • 20 Мамыр, 2022
Алматыдағы 3 жолайрықтың құрылысы келесі жылы аяқталады
Аймақтар • 20 Мамыр, 2022
«Астрахань-Маңғыстау» су құбыры күрделі жөндеуді талап етеді
Аймақтар • 20 Мамыр, 2022
Маңғыстауда 10 мектептің директоры айыппұл төледі
Аймақтар • 20 Мамыр, 2022
«Ақ қауырсын» әдеби сыйлығының иегерлері анықталды
Аймақтар • 20 Мамыр, 2022
Әскери қызметтен өткен университет түлектері грантты өтеуден босатылады
Білім • 20 Мамыр, 2022
Былтыр 3 ірі мұнай операторы бюджетке 7,5 млрд доллар тікелей төлем жасады
Экономика • 20 Мамыр, 2022
Ұқсас жаңалықтар